ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ БАС КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде Бас Кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Бас Кеңестің құрамына мүше болып кірді.

Сондай-ақ, Бас Кеңестің отырысында спикерлер бүгінгі таңда ҚР Парламентінде қаралып жатқан бірқатар ҚР Еңбек Кодексіне енгізілетін Заң жобаларымен бөлісті. Оның ішінде, ҚР Еңбек Кодексіне қашықтан жұмыс жасауды құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгертулер енгізу "Кәсіптік одақтар туралы", "Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы", "Жеке мәліметтер және оларды Қорғау бойынша", "Қоғамдық бақылауды күшейту", "Кәсіподақтардың рөлін күшейту" және т.б. қарастырылып жатқан тузетулер бойынша айтылды.

Бұдан басқа, Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңес беру және заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық білім деңгейін арттыру және т.б. бүгінгі Кеңес отырысының өзекті мәселелерінің қатарында болды.

#kasipodaqkz

#ФПРК

Дата публикации
09 июня 2021