ЖОБА
Түркістан облысы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 5)-тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Түркістан облысы Кентау қаласының жалпы көлемі 4831,86 гектар жерді Түркістан қаласының әкімшілік шекарасына және Түркістан қаласының жалпы көлемі 4716,29 гектар жерді Кентау қаласының әкімшілік шекарасына қосу жолымен «Түркістан облысы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №275 қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №55/577-VI шешіміне келісім берілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күнде қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин