Отырар

Түркістан облысының әкімі Н.О.Көшеровтің Отырар ауданы тұрғындарымен 07.10.2026 жылғы

кездесуіндегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Денсаулық саласы

1

Шәуілдір ауылындағы орталық емхана ғимаратын жөндеу туралы

Шәуілдір ауылының тұрғыны Белгібаева Мария Имансарықызы

Шәуілдір ауылындағы орталық емхана ғимаратын жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық бюджеттенқаржы қарастырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

30.10.2027 ж.

Облыстық денсаулық басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласы

2

Облыстық маңызы барКХ-23 «Ақкөл – Балтакөл – Көксарай» автожолын орташа жөндеу туралы

Балтакөл ауылының тұрғыны Алтыбаев Бектемір

Облыстық бюджеттен қаржы қарастырып, облыстық маңызы бар КХ-23 «Ақкөл – Балтакөл – Көксарай» автожолын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

30.11.2027 ж.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

3

Шәмші ауылындағы Арыс өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу туралы

Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғыны Сахов Қонысбай

Облыстық бюджеттен қаржы қарастырып, Ш.Қалдаяқов және Арыс елді мекендерін байланыстырушы автокөлік жолының Арыс өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

30.10.2027 ж.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Отырар ауданының

әкімдігі

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Коммуналдық шаруашылық саласы

4

Сырдария өзені бойындағы елді мекендерге газ құбырын тарту туралы

Маяқұм ауылының тұрғыны Айтбаев Тұрсынбек Сүлейменұлы

Республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қарастырып, Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді табиғи газға қосу мақсатында ішкі газ жүйелері мен магистральды газ құбыры құрылысын жүргізу

30.11.2027 ж

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық басқармасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Отырар ауданының

әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

5

Көлқұдық ауылындағы тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын ауыстыру туралы

Көлқұдық ауылының тұрғыныӘбсеметов Әділше

Көлқұдық ауылындағы тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарына жөндеу жұмыстарын жүргізу

25.12.2026 жыл

Отырар ауданының

әкімдігі

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Мәдениет және өнер саласы

6

Халық ақыны Ә.Қалыбекованың есімін Түркістан қаласындағы оқушылар сарайына беру туралы.

Шәуілдір ауылының тұрғыны

Ақсақалов Дәурен

Қазақтың көрнекті айтыскер ақыны Әселхан Қалыбекованың есімін Түркістан қаласындағы оқушылар сарайына беру мақсатында ономастика комиссиясының қарауына ұсыныс енгізіліп, қолданыстағы заң талаптарын сәйкес тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

19.03.2027 ж.

Мәдениет басқармасы

Отырар ауданының

әкімдігі

Ономастика комиссиясына ұсыныс енгізіп, нәтижесі бойынша ақпарат ұсыну

Жарияланған күні

23 қазан 2026 17:23

Жаңарту күні

23 қазан 2026