Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы

№13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                 

 

Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Түркістан облыстық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25905 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер –  1 036 939 352 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 31 383 940 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 9 614 570 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 323 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 995 935 519 мың теңге;

2) шығындар – 1 073 461 036 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 35 818 523 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 3 487 447 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 39 305 970 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – - 703 161 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 703 161 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



Дата публикации
03 июля 2026