Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Шардара ауданы тұрғындарымен 19.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

Жол саласы

1.      

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің ішкі көшелерін жөндеу туралы.

(Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғыны Муталиев Тұрысбек)

Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

30.09.2025 ж.

Шардара

 ауданының әкімдігі

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен 413,2 млн. теңгеге Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде орналасқан
10 көшеге (Мырзабаев, Кенесариев, Абай, Ақшағала, Мұратбаев, Еңбекші, Қарашаңырақ, Сейфуллин, Әлімбетов, Шорабеков) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған. 2025 жылғы
5 мамырда қабылданып, пайдалануға берілген.

2.      

Шардара ауданы мен Келес ауданы аралығында ауданаралық қатынас жасайтын автомобиль жолының Шардара ауданына қарасты 8 шақырым бөлігін жөндеу туралы.

(Қалғансыр ауылының тұрғыны Абилова Гүлнұр)

Жаушықұм-Қалғансыр жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу

30.09.2026 ж.

Облыс әкімнің бірінші орынбасары

(З.Жолдасов)

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Шардара

 ауданының әкімдігі

Облыстық бюджет есебінен 457,9 млн. теңгеге аталған жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Мердігер мекеме «Строительная компания «Строймонтаж»» ЖШС.

Денсаулық сақтау саласы

3.      

Алатау батыр ауылдық округіндегі алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету орталығы ғимаратын күрделі жөндеу туралы.

(Алатау батыр ауылдық округінің тұрғыны Сейділдаев Жолбарыс)

Алатау батыр ауылдық округіндегі алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету орталығы ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

10.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Шардара

 ауданының әкімдігі

Облыстық бюджет есебінен
288,2 теңгеге аталған медициналық көмек көрсету орталығының күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Мердігер мекеме: «Nova Atrium» ЖШС.

Спорт саласы

4.      

Сүткент ауылдық округіне спорт кешенін салу туралы.

(Сүткент ауылдық округінің тұрғыны Усипбаев Шалабай)

Сүткент ауылдық округіне спорт кешенін салу

 

31.10.2026 ж.

Шардара

 ауданының әкімдігі

 «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен  366,7 млн. теңгеге Сүткент ауылдық округінен жаңадан спорт кешені салынуда. 2025 жылы 240 млн. теңге, 2026 жылы 126,7 млн. теңге бөлінген. (Мердігер мекеме «Дәулет» ЖШС). Спорт кешенінің қабырғасы толық қаланып,  шатыры жабылған. Ішкі және сыртқы сылақ жұмыстары толық аяқталған. Жылыту жүйелері мен электр желілері жүргізілген. Қазіргі таңда әрлеу, абаттандыру және қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй саласы

5.

Кезектілігіне сәйкес тұрғын үй алу мәселесі туралы  (көпбалалы ана, үй алу кезегіне 2019 ж. тіркелген)

(Шардара қаласының тұрғыны Ж.Сұлтанова)

60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйден өтініш берушінің кезектілігіне қарай пәтер табыстау.

11.04.2025 ж.

Шардара

 ауданының әкімдігі

Облыстық бюджет есебінен 803,1 млн. теңгеге Шардара қаласы №4 шағын ауданында жаңадан салынған
60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйден өтініш берушіге 11.04.2025 жылы пәтер табысталған.

Мердігер мекеме: «Бектасов Д» ЖК.

Білім саласы

6.

Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі А.Әлімбетов мектебінің ескі ғимаратын күрделі жөндеу туралы.

(Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғыны Базарқұлов Ақберді)

Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі А.Әлімбетов мектебінің ескі ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

25.08.2026 ж.

Облыс әкімінің орынбасары

(Б.Тәжібаев)

 

Облыстық білім басқармасы

 

Шардара

 ауданының әкімдігі

Реновация бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен 291,2 млн. теңгеге Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде орналасқан А.Әлімбетов мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. (Мердігер мекеме «Строительная компания «Люкс-Сервис»» ЖШС). 2025 жылғы
20 тамызда қабылданып, пайдалануға берілген.

 

Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтің Шардара ауданы тұрғындарымен 19.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары
Дата публикации
01 июля 2026