Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен (27.03.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы

 

№

 

Көтерілген мәселелер

 

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

 

Жауапты орындаушылар

 

 

Аяқтау нысаны

 

 

Орындалуы

 

Жол саласы

1.             

Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданында жаңадан берілген
120 арендалық тұрғын үйлерге баратын жолға тас төсеу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Коммуналдық үйлер  орналасқан аумақтың жолына қажетті қаржы бөлуді ұйымдастырып, шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу.

30.09.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданында жаңадан берілген 120 арендалық тұрғын үйлерге баратын жолға тас төсеуге жергілікті бюджеттен 28,8 млн.теңге бөлініп, 2025 жылдың тамыз айында жолға шағал төселді.

2.             

Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекеніндегі Ақбастау көшесіне асфальт төсеу мәселесі.

 

Тың елді мекенінің тұрғыны Тасыбаев Әбдіқадыр.

Ақбастау көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

31.08.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Жемісті ауылдық округі, Ақбастау көшесінің 2,25 шқ. жолы жергілікті бюджеттен 92,4 млн.теңге қаржы бөлініп, 2025 жылдың қазан айында орта жөндеу жұмысы аяқталды.

3.             

Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекеніндегі Омарханов және Ә.Молдағұлова көшелеріне асфальт төсеу мәселесі.

 

Дербісек ауылдық округінің биі Бейсенов Ергеш.

 

Көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

31.08.2025 ж.

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 

Дербісек ауылдық округінің А.Молдағұлова көшесінің 0,675 шқ; Е.Омарханов көшесінің  0,730 шқ; И.Жүнісбеков көшесінің 0,560 шқ; Б.Тұрдықұлов көшесінің 0,940 шқ. орта жөндеу жұмыстарына «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 101,1 млн.теңге қаржы бөлініп, 2025 жылдың қыркүйек айында аяқталды.

4.             

Сарыағаш қаласы, Самал-1 мөлтек ауданындағы Нұрқыран мен 65 жылдық көшелерінің қиылысына қойған суағардың үстіне көлік өтетін жол ұйымдастыру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Кеншинбаев Ербол.

 

Мердігердің кепілдік мерзімі есебінен өтініш иесінің үйінің бұрылысындағы су ағардың үстіне көлік кіретін жол ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

Заң аясында шаралар қабылдау

2023 жылы қала аумағында бірнеше көшелерге су жиналуы және тұрғын үйлерге кіру қаупі бар Нұрқыран көшесінің ұзындығы 450 аумақтарға астау (латок) салу жұмыстары мердігер «Astana Smart Plus» ЖШС тарапынан жүргізілген.

Қазіргі таңда, жауын шашын салдарынан және табиғи жолмен отырған астауларды мердігер тарапынан 29.03.2025 жылы қалпына келтірілді. Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы №1414 санды шығыс хатпен жауап жолданған.

5.             

Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекеніндегі С.Садықов көшесін орташа жөндеу туралы.

 

Дербісек елді мекенінің тұрғыны Рысқұлбекова Захира.

С.Садықов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

31.08.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Дербісек елді мекеніндегі А.Рахметов  көшесінің 2,0 шқ; С.Садыков көшесінің  0,975 шқ. орта жөндеу жұмыстарына «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 98,8 млн.теңге қаржы қаралып, 2025 жылдың қыркүйек айында  аяқталды.

6.             

КХ-11 «Сарыағаш – Жылға – Рабат» облыстық маңызы бар жолдан жүк көліктерінің жүруінен жол жабынғысының бұзылуын ретке келтіру бойынша.

 

Жылға елді мекенінің биі Ералиев Райымбек.

КХ-11 «Сарыағаш – Жылға – Рабат» жолының бүлінген бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу (шұңқырларды жамау). 

01.07.2025 ж.

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

2025 жылдың мамыр айында КХ-11 облыстық маңызы бар автожол бойын ағымдағы жөндеу жұмыстарын Түркістан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жүргізілді.

Электрмен қамту мәселесі

7.             

Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніндегі электр желілерін жаңарту мәселесі.

 

Ақниет елді мекенінің тұрғыны Байдаулет Ташев.

Ақниет елді мекеніндегі электрмен қамтамасыз ету құрылысына қажетті қаржы көлемін толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.

01.07.2026 ж.

 

 

 Сарыағаш ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

(Қаражат толық бөлінуіне қарай)

 

Ақниет елді мекенін сапалы электр желісі және трансформатор қондырғыларымен қамтамасыз ету мақсатында бюджет есебінен 510,9 млн.теңге қаржы қаралып, 30 дана электр бағаналары, 5 дана КТП және 54 шқ. электр желілері тартылып, 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласы

8.             

Дербісек ауылдық округі, Атамекен елді мекеніне дәрігерлік амбулатория салу мәселесі.

 

Атамекен елді мекенінің биі Бегалиев Рахмонберді.

Атамекен елді мекеніне типтік жобада дәрігерлік амбулатория құрылысын инвестор есебінен жүргізіп, ғимаратын сатып алу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары  Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды пайдалануға

беру

 

Атамекен елді мекенінде
2025 жылдың мамыр айында бір уақытта 10 адамды қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пунктінің  құрылыс-монтаж жұмыстары  басталып,  2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.  

9.             

Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекенінде медициналық пункт немесе  дәрігерлік амбулатория салу мәселесі.

 

Нұрлы жол елді мекенінің биі Андасов Әділхан.

Нұрлы жол елді мекеніне типтік жобада дәрігерлік амбулатория құрылысын инвестор есебінен жүргізіп, ғимаратын сатып алу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Нысанды пайдалануға

беру

 

Нұрлы Жол елді мекенінде 2025 жылдың мамыр айында бір уақытта 25 адамды қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс және монтаждау жұмыстары басталып,
2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

 

10.          

Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніне емхананы жалға алып отырған ғимараттың тозығы жеткен.

Мемлекеттік меншіктегі емхана қызметін ал үшін жаңа дәрігерлік нысан салу мәселесі.

 

Ынтымақ елді мекенінің тұрғыны Сыдық Жүніс.

Ынтымақ елді мекенінде
2024 жылы мемлекет ұсынысымен ашылған жеке меншіктегі медициналық мекеменің қызметіне берілетін мемелекттік тапсырыстар жөнінде ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

15.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

 

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен

ақпарат енгізу

Ынтымақ елді мекенінде 2024 жылы ашылған жеке меншік медициналық мекеме қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс аясында халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. Осыған байланысты тұрғындар арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.       

        Сонымен қатар, жаңа ауылдық емхана салу үшін жер телімі болмауына байланысты Бостандық ауылынан көлемі 0,90 га жер бөлініп, 2023 жылы меморандум негізінде жоба әзірленді. 2025 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлуге «Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасына» өтінім жолданды.

        Құрылыс жұмыстарын 2026–2029 жылдары жүргізу жоспарланғаны туралы 2025 жылғы 15 сәуірдегі №701 хатпен хабарланды.

11.          

Тұрғындарды тіркелген емханасынан басқа медициналық ұйымдар өздерінің рұқсатынсыз тартып алу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Кеншинбаев Ербол.

Аудандағы жеке меншік денсаулық сақтау мекемелеріне ескерту хабарламалар жолдап, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру.

15.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы тұрғындарының рұқсатынсыз және тұрғылықты мекенжайына жақын емес денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу деректері бойынша аудандағы жеке меншік медициналық ұйымдарға ескерту хат жолданды. Алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолдану үшін материалдар құзырлы органдарға жолданатыны ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

12.          

Құркелес ауылдық округі, Жаңа талап елді мекеніне медициналық пункт салу мәселесі.

 

Жаңа талап елді мекенінің тұрғыны Еділбаев Қыдырбай.

Жаңа талап елді мекеніне типтік жобада дәрігерлік амбулатория құрылысын инвестор есебінен жүргізіп, ғимаратын сатып алу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 

Жаңа талап елді мекенінде 2025 жылдың мамыр айында бір уақытта 15 адамды қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пунктінің  құрылыс-монтаж жұмыстары  басталып,  2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.      

 

Спорт саласы

13.          

Жарты төбе ауылдық округі, Достық елді мекеніне спорт және балалар ойын алаңшасын салу мәселесі.

 

Достық елді мекенінің тұрғыны Ақмолдаев Кәрім.

Спорт және балалар ойын алаңшасын салу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

 

31.08.2025 ж.

 

 

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

Нысанды пайдалануға

беру

 

Достық елді мекенінде спорт және балалар ойын алаңшасына бюджеттен  27,0 млн. теңге бөлініп, 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.

14.          

Сарыағаш қаласы, Телемұнара мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшасын салу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласы, Телемұнара м/а тұрғыны Срайылұлы Саттар.

Спорт және балалар ойын алаңшасын салу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

 

31.08.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

 

Нысанды пайдалануға

беру

 

Сарыағаш қаласы Телемұнара мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшасына бюджеттен 29,9 млн.теңге бөлініп, 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

 

15.          

Сарыағаш қаласындағы тозығы жеткен орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Атемқұлов Асқар.

Орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы көлемін толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.

30.09.2026 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Е. Алтаев

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат толық бөлінуіне қарай)

 

Сарыағаш қаласындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 2025 жылға 200 млн теңге қаржы бөлінді. 2025 жылғы мамыр айынан бастап мердігер «БИБО-строй» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылға 607,6 млн.теңге қаралып отыр. Жобаның жалпы құны – 807,6 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы аяқтау жоспарланған.

16.          

Сарыағаш қаласындағы орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген 800,0 млн. теңгені басқа өзекті мәселелерге қайта қарау мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Атемқұлов Асқар.

Орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары мен маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

30.09.2026 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Е. Алтаев

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш қаласы Бәйтерек көшесіндегі орталық стадионды жөндеу қажеттілігіне және тұрғындар мен қоғам белсенділерінің ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылы “Ауылым – алтын бесігім” бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарына смета әзірлеу үшін 23 қазанда конкурс жарияланып, нәтижесінде “Alpha-Pro” ЖШС жеңімпаз деп танылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, 2024–2025 жылдардағы бағамен құрылыстың жалпы құны 858 млн. теңгені құрады. 

         2025 жылдың наурыз айында рейтингтік балдық жүйе негізінде өткен конкурс нәтижесінде “ВИБО-строй” ЖШС мердігер болып анықталды. Жөндеу барысында көрермендерге арналған орындықтар пластикалық орындықтарға ауыстырылып, трибуна үсті жабылады, футбол алаңының газоны жаңартылады. Сонымен қатар жеңіл атлетикаға арналған резеңке жүгіру жолақтары, стрит воркаут алаңшасы, жарықтандыру шамдары орнатылып, командаларға арналған шешіну және жуыну бөлмелері салынады, әкімшілік ғимарат жөнделіп, автотұраққа орын қарастырылады. Мәселені көтерген тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Кәсіпкерлік саласы

17.          

Жастарымызға жұмыс орындарын ашу мақсатында, аудан аумағынан өндіріс орындарын құру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Утепов Лесхан.

Ауданда өндіріс орындарын ашу мақсатында жер учаскесін қарастырып, өндірістік парк құру жұмыстарын жүргізу.

30.11.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 

«Turkistan» әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

Нысанды пайдалануға беру

 

Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, инвестициялық жобаларды іске асыру және өндіріс орындарын ашу мақсатында Сарыағаш қаласы аумағынан республикалық маңызға ие А-15 автомобиль жолынан 340 метр қашықтықта (Шерқала кафесіне қарама-қарсы бетте) жалпы көлемі 6,5 гектар жер телімінде өндірістік парк құру жоспарлануда. Жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін 8 кәсіпкерге жер учаскелері берілді.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер тарапынан 40,0 млн теңге инвестиция салынып, жер тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттардың құрылысы кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылы 5 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда, 4 – нысан ғимарат құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтар орнатуда, 1– нысанның қаңқасы орнатылды, ал қалған  1 – нысанның шатыры жабылуда.

Жоғарыда аталған 5 – нысан бойынша кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, өндірістік жұмыс кетесі (ГПР) бекітілген.   

Бүгінгі таңда өндірістік парк аумағын инфрақұрылыммен (табиғи газ, су, кәріз, электр) қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 156,0 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып, инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде.

Жоба нәтижесінде аудан экономикасына 800,0 млн теңге инвестиция тартылып, 85 жаңа жұмыс орны ашылады. Қалған 3 жер учаскесінде топырақтың табиғи жолмен тығыздалуына байланысты құрылыс жұмыстары 2026 жылы жүргізіледі.

 Сонымен қатар, Дарбаза ауылдық округі аумағынан 80,0 гектар жер телімінде индустриялық аймақ құру бойынша 17 қазанда облыс әкімдігінің №216 қаулысы қабылданып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуда.

Сарыағаш ауданында 2026 жылы жалпы құны 21,3 млрд теңгені құрайтын 13 ірі өндірістік жоба іске асырылуда. Инвестиция тарту бағытындағы жол картасына сәйкес жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

18.          

Сарыағаш ауданында қоқыс өңдейтін зауыт салу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Усманов Сматулла.

Ауданда инвесторларды тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін цех салу мүмкіндігін зерделеп, ұсыныс енгізу.

01.05.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 

 

Ұсыныс енгізу

Аудан аумағыннан жеке инвестиция есебінен қоқысты сұрыптау және өңдеу кәсіпорнын ашу бойынша «ARTD GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүрігізіліп, бүгінгі таңда 2025-2026 жылдары жүзеге асырылатын өңірлік пул жобалар тізіміне енгізіліп, жобаны жүзеге асыру үшін жер учаскесінің құжаттары рәсімделді.  Жоба

2026 жылдың соңына дейін аяқталып іске қосылуы жоспарланып жатқаны жайлы сұрақ иесіне аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан жауап хаты жолданды.

19.          

Сарыағаш ауданында әлеуметтік  осал топтағы азаматтарға мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша қайтарымсыз грант беру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Облыс деңгейінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу.

30.04.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.

Үміткердің бизнес жобасы талаптарға сай болса, келесі кезеңдерде грантқа қайта өтінім бере алады. Қағиданың 12-тармағына сәйкес гранттар бір рет беріледі және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қажетті құрал-жабдықтарды, малды, көшеттерді сатып алуға, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларды жалға алуға бағытталады.

        Мал шаруашылығы жобалары бойынша грант алған кейбір азаматтардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы, жалған есеп тапсыруы және жұмыс орындарын ашпауы анықталып, осы себепті комиссия бұл бағыттағы жобалардың басымдығын төмендетуді ұсынды. Дегенмен, тиімді деп танылған мал шаруашылығы жобалары комиссия мақұлдауымен қолдау табуда.

Сарыағаш ауданында 2024 жылы 145 азамат грант алып, оның 16-сы мал шаруашылығы бағытында кәсіп жүргізуде. 2025 жылы гранттарға өтініш қабылдау басталатыны туралы хабарландыру қабылдауға дейін 10 күн бұрын уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланатыны жөнінде аудан тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың 28.04.2025 жылғы №1566 хаты жолданған.

Ауыз су мәселесі

20.          

Самал мөлтек ауданындағы кестемен берілетін ауыз су мәселесін шешу туралы.

 

Сарыағаш қаласы, Телемұнара м/а тұрғыны Срайылұлы Саттар.

Самал мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына қажетті қаржыны толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беру.

 

01.11.2026 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат толық бөлінуіне қарай)

Сарыағаш қаласы, Самал-3 шағын ауданын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 2025-2026 жылға 4,09 млрд.теңге қаржы қаралып, құрылыс мантаж жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Сарыағаш Аман» ЖШС-гі. Нысан құрылысы 2026 жылы аяқталуы жоспарланған. Жоба құны 4,4 млрд. теңге.

21.          

Шымырбай ауылында орналасқан мектеп жанындағы су шықпай қалған су ұңғымасын қайта іске қосу мәселесі.

 

Жылға елді мекенінің биі Ералиев Райымбек.

№41 А.Асанов жалпы орта мектебінің жанындағы  ұнғыманы қайта ретке келтіру.

30.06.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

 

«Тұран су» МКК

 

 Сарыағаш ауданының әкімдігі

Қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылдау

Ағымдағы жылдың маусым айында демеушілердің есебінен №41 А.Асанов жалпы орта мектебінің жанындағы  ауыз су ұнғымасын қайта ретке келтіру мақсатында мамандар шақыртылып, ұңғыманы зерделу жұмыстары жүргізілген.

Аталған ұнғыма зерделеу нәтижесінде жарамсыз болып анықталған. Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 04.06.2026 жылы №1979 санды шығыс хатпен жауап жолданған.

Тұрғын үй саласы

22.          

Сарыағаш қаласы Бәйтерек көшесіндегі көпқабатты пәтерді жекешелендіру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Юсупова Гүлмира.

Бәйтерек көшесінде орналасқан  коммуналдық тұрғын үйлерді жекешелендіру талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтініш иесіне жазбаша жауап беру.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың төрағалығымен, «Сарыағаш қызмет» КММ-нің директоры М.Кукубаев және ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесінің мамандары  тарапынан «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысын 2025 жылдың 11 сәуірінде сағат 16:00-де  Бәйтерек көшесінде орналасқан коммуналдық тұрғын үйлердің тұрғындарына жиналыс ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы №1403 санды шығыс хатпен жауап жолданған. Хаттама, фотосы қосымша тіркеледі.

23.          

Сарыағаш қаласы Ш.Қалдаяқов гүлзарында орналасқан «Титаник» деп аталып кеткен жатақханадағы пәтерлерін жекешелендіру, ремонт жасау мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғындары Құдайбергенова Айгүл, Мамытов Берікбай.

 

Коммуналдық меншіктегі жатақханадағы тұрғын жайларды жекешелендіру талаптары және үйге жөндеуден өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтініш иелеріне жазбаша жауап беру.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың төрағалығымен  «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысын 2025 жылдың 14 сәуірінде Шәмші гүлзарында орналасқан жатақхана тұрғындарымен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа қатысқан тұрғындарға,  аудан әкімінің орынбасары М.Баигабулов тарапынан  «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сұрақ қойған аудан тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы №1402 санды хатпен жауап жолданған. Хаттама, фотосы қоса тіркеледі.

24.          

Сарыағаш қаласындағы коммуналдық тұрғын үй берілуінің заңдылығына және тұрғын үй алған азаматтардың үйде тұруы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу туралы.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Облыс деңгейінде жұмысшы топ құрып (өтініш иесінің қатысуымен), зерделеу жұмыстарын

жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда, үй егелеріне қатысты заң аясында тиісті шараларды қабылдау.

15.05.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау

Түркістан облысының Энергетика және тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың үй кезегімен коммуналдық тұрғын үймен қамтылған азаматтардың пәтерлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында, басқарма басшысының №24 н/б бұйрығымен жұмысшы топ құрылған.

Басқарма тарапынан құрылған жұмысшы топ мүшелерімен және өзіңіздің қатысуыңызбен
2025 жылдың 28-30 сәуір күндері аралығында, Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесінде орналасқан 14-көпқабатты тұрғын үйлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында, тұрғын үй қорынан үлестірілген пәтерлерде белгілі себептермен өз пәтерлерінде болмаған 160 пәтер иелеріне 14 акт түзіліп, «Сарыағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарпынан ескертулер беріліп, сотқа мәжбүрлі түрде босату бойынша талап арыз берілді.

Сонымен қатар,
48 коммуналдық пәтер иелерінің төлемдерді уақытылы төлемегені анықталып, бүгінгі таңда, «Сарыағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарпынан қаржыны өндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде сұрақ қойған аудан тұрғынана аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 20.05.2025 жылғы №1832 жауап хаты жолданды.

25.          

Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданы Алатау көшесіндегі екі қабатты (20 пәтерлі) тұрғын үйдің ауыз су, табиғи газ және электрмен қамту мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Сарыағаш қаласындағы ауыз су құрылысы аяқталғанға дейін, уақытша ауыз сумен қамту жолдарын қарастыру және табиғи газ, электр қуатына қосылу бойынша түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу.

30.05.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС (келісімі бойынша)

 

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндіріс филиалы (келісімі бойынша)

 

«Нұра топтық су құбыры» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы (келісімі бойынша)

Түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданы, Алатау көшесінде орналасқан екі қабатты, 20 пәтерлі тұрғын үй сапалы электр желісімен толық қамтылған. Аталған нысан электр энергиясымен «Сарыағаш Қызмет» МКК теңгеріміндегі дербес шот арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ мекемесінен қосылу көзіне техникалық шарт алынып, атқарушы-техникалық құжаттары (АТҚ/ИТД) жинақталуда.

Тұрғын үй орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Сарыағаш қаласында ауыз судың кесте бойынша берілуіне байланысты қосымша арнайы су сақтау ыдысы орнатылған. Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 04.06.2026 жылы №1978 санды шығыс хатпен жауап жолданған.

26.          

Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесіндегі берілген үйден бір баласы бар азаматша Қ.Қарымсақоваға заң талаптары сақталмай 3 бөлмелі үй берілгендігін және кезектің жылжымауын тексеру жөнінде.

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ермұратова Рабиға.

Облыс деңгейінде жұмысшы топ құрып (өтініш иесін қатыстырып), зерделеу жұмыстарын

жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда, заң аясында тиісті шараларды қабылдау.

15.05.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау

Түркістан облысының Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың пәтерлеріне мониторинг жүргізу мақсатында, басқарма басшысының №24 н/б бұйрығымен жұмысшы топ құрды.

Басқарма тарапынан құрылған топ мүшелерімен 30.04.2025 жылы Қ.Қарымсақованың алған үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Азаматша Каримсакова Карлыгаш Ергешовнаға Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы №1005 қаулысымен Сарыағаш қаласы, «Самал-1» шағын ауданы, М.Мамедалиева көшесі №38 коммуналдық арендалық 2 бөлмелі пәтер берілген. 2008-2023 жылдары К.Каримсакова өз қаржысына қосымша құрылыс жүргізіп, пәтерді 4 бөлмелі етіп кеңейтті.

Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы шығынды және К.Каримсакованың ерекше ауруын ескере отырып, оған Сарыағаш қаласы, №3 көшесі, №13 көпқабатты арендалық үйдің 3 бөлмелі №16 пәтерін беру туралы шешім қабылдаған. Бұл жөнінде аудан тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабулов атынан 20.05.2025 жылғы №1832 жауап хаты жолданды.

27.          

Ақжар ауылдық округі Бағыс елді мекеніндегі 2015 жылы  апатты деп танылған үйіне мемлекеттен өтемақы өндіру немесе орнына үй беру мәселесі туралы.

 

Қазығұрт ауданы, Сырлысай елді мекенінің тұрғыны Молдағалиев Бақдаулет.

Заң талаптарына сәйкес мәселесін қарап, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

15.04.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекені, Алматы көшесі, №36 мекен-жайындағы тұрғын үйі авариялық деп танылғандықтан, Сарыағаш ауданы әкімдігінің 25.05.2017 жылғы №187 қаулысына сәйкес тұрғын үй қорынан Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі, №125А, №12 пәтері берілген.

Азаматша Буриева Жақсыгул Айдарқызыға пәтерді жалға беруіне байланысты «Сарыағаш қызмет» МКМ бірнеше рет ескерту жасады (17.05.2023 жылғы №154 және 22.05.2023 жылғы №158 шығыс хаттары). Ескертулер назарға алынбағандықтан, 06.06.2023 жылы Сарыағаш аудандық сотына №165 талап арыз жолданып, 12.06.2023 жылғы №5154-23-00-2/952 ұйғарымына сәйкес пәтерді өз еркімен босатқан.

Заңды некедегі жұбайы Соббекова Улмекен Тангировна атына Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылдық округі, Сырлысай елді мекені, Көктем көшесі, №21 тұрғын үй тіркелгені (кадастрлық №19-289-131-051) анықталған. Бағыс елді мекені, Алматы көшесі, №36 мекен-жайындағы үй жеке меншікке жататындықтан, мемлекеттік бюджет есебінен қаржы бөлу мүмкін еместігі туралы 15.04.2025 жылы №1419 санды жазбаша хат жолданған.

Жер қатынастары саласы

28.          

Сарыағаш қаласы Самал-3 мөлтек ауданы Саудакент көшесіндегі  2016 жылы құжатсыз салынған тұрғын үйінің құжатын заңдастыру мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Шермаханбетова Канчай.

Өтініш иесінің тұрғын үйінің құжаттандыру мәселесін арнайы құрылған жұмысшы топпен зерделеу жұмыстарын

жүргізіп, нәтижесі бойынша ақпарат енгізу.

15.04.2025 ж.

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы

Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

Сарыағаш ауданы аумағында, заңсыз тұрған тұрғын үйлерді және олар орналасқан жер учаскелерін рәсімдеу бойынша, қадамдық жоспары бекітілген. Қадамдық жоспарына сәйкес, өтініші мен тиісті құжаттары ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жолданған.

Ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратовтың, 30.09.2024 жылғы №2669 санды хатына сәйкес, “ «Google Планета Земля» электрондық сайтында 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін құрылысы аяқталмағандығы көрсетілген. Осыған байланысты, жоғарыда аталған жайттар бойынша тұрғын үйлерді заңдастыруға жатпайтындығы бойынша түсіндіріліп, құжаттары кері қайтарылған.

Аудан әкімінің орынбасары М.Баигабулотың атынан 16.04.2025 жылғы №1441 хаты жолданған.

 

29.          

Сарыағаш қаласының орталық ауруханасының алдындағы жерлерді жеке меншікке сатып жіберген. Жерді коммуналдық меншікке өткізіп, аллея ашу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Исламов Берік.

 

Заң талаптарына сәйкес жер учаскесінің 2007 жылғы жекешелендіруге беру заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңсыз берілген жағдайда, мемлекет меншігіне алу мүмкіндігін қарастыру. Нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу.

30.06.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті (келісімі бойынша)

Ұсыныс енгізу

Сарыағаш қаласының орталық ауруханасының алдындағы жерге (кад №19-306-011-684) жер қатынастары бөлімі тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес шара көру мақсатында Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 23.05.2025 жылғы №1250 санды хаты жолданды. Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 23.12.2026 жылғы №2930 санды хаты жолданды.

30.          

1992 жылы 49 жылға берілген 10 га сурамалы жерді, көрші немере ағам 1999 жылы жалған құжат дайындап жерді иеленіп алған. Осы 10 га жердің мәселесін шешіп беру туралы.

 

Ордабасы ауданы, Мақташы елді мекенінің тұрғыны Өсербеков Сабыр.

Заң талаптарына сәйкес көтерілген мәселені толық зерделеп, арыз иесіне заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беру.

01.05.2025 ж

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Ордабасы ауданының әкімдігі

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Ордабасы ауданы, Бөген ауылдық әкімшілік басшысының
15 қыркүйек 1992 жылғы № 233 санды шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудан әкімінің 04.05.1999 жылғы № 272 санды шешімімен «Жамбыл» атты шаруа шаруашылығының 1999 жылғы
13-ші қаңтардағы жалпы жиналысының қаулысына сәйкес Орынбасаров Әскербекке 10 га жер телімі тұрақты пайдалануға бөлініп беріліп, осы шешімнің негізінде кадастрлық №19-293-015-184 санды мемлекеттік сәйкестендіру актісін алған. Әрі қарай, 19.07.2021 жылғы №1332 санды мұраға құқық беру туралы куәлік негізінде Орынбасарова Роза Сыздықовнаға меншік құқығы пайда болған. Сонымен қатар, аталған жер учаскесін Қазақстан Республикасының жер кодексінің 33- бабына сәйкес, нотариус арқылы Орынбасарова Роза Сыздыковна 11.04.2023 жылғы
№ 407 санды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын сату-сатып алу шартымен азамат Болат Батырхан Шалданұлына жалға алу құқығымен меншігіне өткен. Сонымен қатар, жеке тұлғалар арасында жасалынған сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сот органдарына талап арызбен жүгіну арқылы түпкілікті шешілетіндігіне назар аудару қажеттігі хабарланған.

 

Білім саласы

31.          

Сарыағаш ауданындағы
№66 Толыбай батыр,
№6 Ж.Аймауытов атындағы және №5 С.Ысмайлов атындағы мектептерге қатысты қаржылардың тиімсіз игерілуі мәселесі.

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

Мектептерге жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды мен кемшіліктерді ретке келтіру бойынша облыс әкімі аппаратымен берілген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

 

Облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімі

Ақпарат енгізу

Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 11.03.2025 жылғы №04-20/604 санды хатына сәйкес, «Сарығаш ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жоспарлы аудиторлық іс-шара жұмыстарын жүргізілетінін хабарлаған.

Аталған жоспарлы аудиторлық іс-шара барысында №5 Ысмайылов атындағы жалпы білім беретін мектебін, №6 Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектебін, №66 Толыбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектептеріндегі қаржының тиімсіз игеру мәселесі қамтылады. Бұл туралы сұрақ қойған аудан тұрғынына ауданның білім бөлімі басшысы м.у.а А.Таңгатаровтың атынан 25.04.2025 жылғы №1128 санды жауап хаты жолданған.

Ауыл шаруашылығы саласы

32.          

Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекеніндегі Р15 каналына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

 

Ақжар елді мекенінің тұрғыны Жүсіпов Тұрғанбек.

Ақжар елді мекеніндегі Р15 каналына қажетті қаржыны толық бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

01.08.2026 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

«ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

 

Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан Р-15 каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданып, 2023 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. (мемлекеттік сараптама қосымша тіркеледі).

Қазіргі таңда жобаның сметалық құнын нарық бағасына сәйкестендіріп, ағымдағы 2026 жылы қайтадан жобаға түзету жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сараптаманы алу ағымдағы жылдың 3-тоқсанында тамыз айына жоспарланған.

 Құрылыс жұмыстарының орындалуы мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, ағымдағы жылдың соңына жоспарлануда.

33.          

Жылға ауылдық округі аумағындағы жайылымды ұлғайту мәселесі.

 

Жылға елді мекенінің биі Ералиев Райымбек.

Жылға ауылдық округіндегі жайылым жерін ұлғайту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.

01.07.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті (келісімі бойынша)

 

 

Ұсыныс енгізу

Жер телімдерін пайданылмай немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтару үшін зерделеу жұмыстары жүргізіліп,  округ аумағынан аудан әкімдігінің қаулыларымен төмендегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарып алынды:

1.             Утегенов Нұрмахамбеттен — 450,0 гектар жайылым жер учаскесі, кадастрлық нөмірі 19-296-084-051, аудан әкімдігінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №153 қаулысы негізінде;

2.             Умиралиев Сарсенбайдан — 300,0 гектар суарылмайтын тәлімі егістік жер учаскесі, кадастрлық нөмірі 19-296-084-395, аудан әкімдігінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №197 қаулысы негізінде;

3.             «Қарақалпақ» өндірістік кооперативінен — барлығы 1783,0 гектар жер, оның ішінде 470,0 гектар суарылмайтын тәлімі егістік және 1313,0 гектар жайылым жер учаскелері, аудан әкімдігінің 2025 жылғы 18 маусымдағы №210 қаулысы негізінде;

4.             «Ақбидай» өндірістік кооперативінен — барлығы 927,8 гектар жер, оның ішінде 244,4 гектар суарылмайтын тәлімі егістік және 683,4 гектар жайылым жер учаскелері, аудан әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №309 қаулысы негізінде.

Табиғи газ саласы

34.          

Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекеніндегі жаңадан қосылған көшелерге газ тарту мәселесі.

 

Ақжар елді мекенінің тұрғыны Жүсіпов Тұрғанбек.

Ақжар елді мекеніндегі жаңадан қосылған
21 көшеге (300 абонент) газ тарту жұмыстарын жүргізу үшін, сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттен қажетті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп пайдалануға беру.

30.11.2026 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында «Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ және «АлатауПроектИнжиниринг» ЖШС-гі арасында меморандум шарты түзіліп, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысы алынды. Салалық және экономикалық қорытыдысын алу жұмыстары жүргізілді. Тиісті қаржысын бөлдіруге ұсыныс берілген.

Мәдениет саласы

35.          

Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекеніне мәдениет үйін салу туралы.

 

Шеңгелді елді мекенінің тұрғыны Өмірбаев Мырзабек.

Шенгелді елді мекенінен мәдениет үйінің құрылысына қажетті қаржыны толық бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

30.10.2026 ж.

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды пайдалануға беру

 

Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен  «Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі,  Шеңгелді елді   мекенінен   75   орындық   ауылдық   клуб   пен   кітапхана»  құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып,   №DRMIN-0833/23     сараптама қорытынды  31.12.2023 жылы рәсімделген. Сметалық құны - 291,248 млн. теңге. Жобалаушы мекеме: «MAKcor» ЖШС. ​2025 жылы  аталған нысан құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып,

Бүгінгі таңда, сыртқы фасад жұмыстарры жүргізілуде.  Нысанды2026 жылы 1 тамыз күні қабылдау жоспарда.

36.         +

Құркелес  ауылдық округі, Ақ үй елді мекенінде мәдениет үйін салу мәселесі.

 

Ақ үй елді мекенінің тұрғыны Жарқынбеков Үсен.

Ақ үй елді мекенінен мәдениет үйін салу үшін,  сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттен қажетті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп пайдалануға беру.

30.10.2026 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Нысанды пайдалануға беру

 (Қаражат бөлінуіне қарай)

Құркелес ауылдық округінің Ақ үй елді мекенінде мәдениет үйі құрылысына арналған 5000 шаршы метр жер учаскесі бөлініп, кадастрлық №19-296-058-949 жер-кадастрлық жоспары рәсімделді.

Облыс әкімінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №30 хаттамалық тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандарға типтік эскиздік және жобалық құжаттамалар әзірленді. Сондай-ақ, Түркістан облысы аппарат басшысының 2025 жылғы 25 ақпандағы №12 хаттамалық тапсырмасына сәйкес аталған жобаларды қайта қолдану арқылы 3 жылдық даму жоспары бекітілді.

Алайда, ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысына сәйкес 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін мәдениет ұйымдарының жаңа объектілерін салуға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілген. Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 04.06.2026 жылы №1977 санды шығыс хатпен жауап жолданған.

Өзге мәселелер

37.          

Сарыағаш қаласындағы А15 республикалық маңызы бар жолдан Телемұнара шағын ауданына баратын негізгі жолдың қиылысына бағдаршам орнату мәселесі.

 

Сарыағаш қаласы, Телемұнара шағын ауданының тұрғыны Срайылұлы Саттар.

Республикалық маңызы бар А15 «Жизақ-Гагарин- Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек Жолы» автожолының бұрылысына бағдаршам орнату мүмкіндігін зерделеп, ұсыныс енгізу.

01.05.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы (келісімі бойынша)

           

Түркістан облысының полиция департаменті

(келісімі бойынша)

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасы

 

 

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Ұсыныс енгізу

Республикалық маңызы бар А-15 «Жизақ – Гагарин – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібек-Жолы» авто жолы мен Сарыағаш қаласы, Телемұнара шағын ауданы қиылысына (Arai Hall мейрамханасы аумағы) бағдаршам орнату мүмкіндігі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалына ұсыныс хат жолданып, Сарыағаш қаласы әкімдігі мен АПБ қызметкерлері бірлесіп зерделеу жүргізді.

Нәтижесінде, А-15 тас жолы республикалық маңызы бар болып, қиылыстан шығысқа 200-300 м қашықтықта жылдамдық өлшегіш бейнекамера, батысқа 300-400 м қашықтықта Ә.Бөкейхан көшесі қиылысында бағдаршам мен жаяу жүргіншілер жолағы орналасқаны анықталды. Зерделеу бойынша, бағдаршам орнату қозғалысты қиындатып, кептеліс тудыруы мүмкін.

Сарыағаш АПБ-ның 25.04.2025 жылғы қорытынды хатына сәйкес, А-15 жолы мен Телемұнара қиылысында бағдаршам орнату қажет емес деп аудан тұрғынына 25.04.2025 жылғы №1557 санды хатпен жауап берілді.

38.          

Сарыағаш аудандық полиция басқармасы болып құрылды, алайда 50-ге жуық штат бірлігі жетіспеуіне байланысты, штат санын көбейту мәселесі.

 

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

 

Сарыағаш аудандық полиция басқармасының штат санын облыстық полиция департаментінің бос штат орындары есебінен ұлғайту мүмкіндігін қарау.

20.04.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Түркістан облысының полиция департаменті (келісімі бойынша)

 

Ұсыныс енгізу

Сарыағаш ауданы полиция басқармасы тарапынан штат мәселесі жөнінде Түркістан облысының полиция департаменті бастығы М.Кабденовке 15.04.2025 жылғы №30-1-111/2505-4 санды ұсыныс хаты жолданған.

        Нәтижесінде 5 штаттық бірлік берілген.

 

39.          

Сарыағаш қаласында орналасқан «Аңсаған» балабақшасындағы баланы ұрып-соғу оқиғасы бойынша тергеу шараларының дұрыс жүргізілмей жатқандығы туралы.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Бекбосынова Гүлмира.

 

Тергеу шараларын заң талаптарына сәйкес мерзімдерінде жүргізіп, нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдап, ақпарат енгізу.

 

15.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Түркістан облысының полиция департаменті

(келісімі бойынша)

Заң аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу

    03.03.2025ж. аталған факт бойынша Сарыағаш АПБ СДТБТ-не №255154031000172 ҚР ҚК 140 бабы 2-бөлігімен сотқа дейінігі тергеп-тексеру ісі басталған. 

        11.03.2025ж. №45 сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған 11.06.2020ж.т. Алпысбай Рахымжан Мұратұлының денесінен дене жарақаты анықталмады деп көрсетілген.

        Аталған сот медициналық сараптамамен жәбірленуші Г.Бекбусинова келіспейтінін жазып көрсеткен.

        Осы бойынша жәбірленуші Г.Бекбусиновадан қосымша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы өтінішхат түсті.

        14.04.2025 жылы Шымкент қаласы бойынша Сот медициналық сараптама институтына қосымша сот медициналық сараптама тағайындалды.

       15.05.2025 жылы 3498/92-ДОП санды сараптама қорытындысына сәйкес, №45 санды алғашқы сот-медициналық сараптама қорытындысы деректеріне сәйкес, жасөспірім Р.Алпысбайды сот-медициналық куәлендіру барысында /06.03.2025ж. күні сағат 10:10-да/ дене жарақаттары анықталмаған. Бас миының КТ зерттеуінде бас миының органикалық өзгерістері анықталмаған. Сол балтырының рентген зрттеуінде өзгерістері анықталмаған. Ал жамбас-сан буындарының рентген зерттеуінде анықталған екі жақты жамбас-сан буындары бастарының гипоплазиясы соматикалық аурулар қатарына жатады. Сондықтан денсаулыққа келтірілген зияндық дәрежесімен бағаланбайтыны анықталған.

         Осыған орай, 25.06.2025ж. Г. Бекбусинованың жазған арызында, қылмыс құрамы болмауына байланысты, ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес өндірістен тоқтатылған.

40.          

Сарыағаш қаласына қарасты  қоқыс полигонындағы қоқыстарды жиі өртеу мәселесі.

 

Сарыағаш қаласының тұрғыны Исламов Берік.

Заң талаптарына сәйкес «SMB Group» ЖШС тарапынан полигонды ретке келтіріп, қоқыстарды өртемеу туралы ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

20.04.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сарыағаш ауданының әкімдігі

 

Облыстық экология департаменті

(келісімі бойынша)

 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сарыағаш қаласы аумағындағы жалпы алаңы 9,0 га жер учаскесінде орналасқан күл-қоқыстарды тастайтын орынға (бұдан әрі – полигон) Сарыағаш қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің хаттамасына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жобасын іске асыру туралы «SMB Group» ЖШС-мен 31.01.2025 жылғы №1 меморандум түзілген.

Бүгінгі күнде, «SMB Group» ЖШС тарапынан полигонды ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде. 18.03.2025 жылы күннің ысуына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтар арасынан шыны қалдықтары қызу салдарынан өрт шыққан. «SMB Group» ЖШС тарапынан арнайы техникалар жұмылдырып жерді қазып өрттің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, полигон аумағы қатаң бақылауда.

 Сонымен қатар, «SMB Group» ЖШС мекемесінің басшысына ескерту беріліп, алдағы уақытта полигон аумағы өртенген жағдайда, айыппұл салынатындығы туралы түсіндіріліп, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратымен түзілген меморандум заңға сәйкес бұзылатыны туралы ескертілді.

Сұрақ қойған аудан тұрғынына аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 15.04.2025 жылы №1413 санды жауап хаты жолданған.

41.          

Облыс әкімінің аппаратына қарасты ішкі аудит қызметі бөлімінде 3 қызметкер бар. 3 мектепті тексеру үшін 2 айға жуық уақыт кетіп 75 млн.тг тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

Облыстағы тиімсіз игерілген қаржыларды анықтау, оған қылмыстық істі қозғау және тиісті шараларды көру үшін қорытынды беретін осы бөлімнің қызметкерлерінің санын көбейту мүмкіндігін қарау туралы.

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

Облыс әкімінің аппаратына қарасты ішкі аудит қызметі бөлімінің штат санын ұлғайту мүмкіндігін қарау.

15.05.2025 ж.

Облыс әкімінің аппараты

 

 

Ұсыныс енгізу

2023 - 2025 жылдары жүргізілген аудит объектілерінің санына, аудит жүргізу мерзімінің жоспарлануына, аудитпен қамтылатын қаржының көлеміне, жұмыс жүктемесіне талдау жүргізілді.

Нәтижесінде, Бөлім тарапынан жылдық жоспар түзу барысында:

- бақылау объектісін  таңдауда нақты критерий бекітілмейтіні,

- тексеру жүргізу мерзімі көрсетілмейтіні, соның есебінен кез-келген мерзімде тексеру тағайындалатыны,

- тексеруге қанша маман тартылатыны, қай маман қай объектіге баруы туралы жоспар жасалмайтыны анықталды. 

Мысалы: 2023 жылы - 9, объектіге аудит жүргізу айқындалған,

I-тоқсанда 1 объектіге тексеру жүргізілсе, II тоқсанда – 2, оның ішінде

1-уі IІІ тоқсанға өтпелі, ІІI тоқсанда 3, ІY тоқсанда – 3 жоспарланған (тізбе қоса тіркеледі).

Осы мағыналас жағдай 2024 жылы тексеру жүргізілетін  9 объекті бойынша да орын алған.

Ал, 2025 жылы 7 объекті қаралса, І тоқсан аяқталғанына қарамастан бірде бір объектіге тексеру жүргізілмеген.

Бөлімнің 3 қызметкерімен 2025 жылы 7 объектіні, яғни

1 маманға 1 объектіні тексеру 2 ай деп жоспарланған.

Атап өту қажет, Бөлімге 2024 жылы 334 хат орындауға түскен.

3 маманға әр сайынға бөлгенде 9 хат орындалса (334:12:3=9), 10 арыз ғана түскен.

Яғни, Бөлімнің құжат айналымы бойынша жүктемесінің көп еместігін байқалады. 

Жоғарыдағылардың негізінде, Бөлім басшысы тарапынан объектілерді тексеру дұрыс ұйымдастырылып жоспарлаған жағдайда, құжат айналымы жүктемесінің көп болмауы себебінен 4 штат шегінде жұмысын атқаруға мүмкіндік бар және қосымша штат беруге негіз жоқ екенін хабарлаған.

42.          

Сарыағаш аудандық білім бөлімі тарапынан Omarket.kz электронды жүйесі арқылы компьютер тауарларын бөлшектеу арқылы сатып алуда.

Осындай білім саласындағы заң бұзушылықты тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдау мәселесі.

 

Көктерек кентінің тұрғыны Амангелді Батырбеков.

Білім саласында Omarket.kz электронды дүкені арқылы мемлекеттік сатып алу шараларын заң аясында жүргізу немесе заңнама талаптарын бұзушылықты тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдау.

01.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Мемлекеттік сатып алу басқармасы

 

Облыстық білім басқармасы

 

 

Заң аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу

Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы (әрі қарай – Басқарма) облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан мемлекеттік сатып алуларға күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг жүргізу нәтижесінде 2025 жылдың 4 ай қорытындысымен білім саласында «О-маркет» арқылы жалпы сомасы 328,7 млн.теңгеге негізсіз 39 келісім-шарт түзілгендігі анықталды. Заңсыз түзілген келісім шарттарды заң талаптарына сәйкестендіру және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралды.

      Сонымен қатар, Басқарма 23.10.2024 ж №36/11408 хатымен   ҚР Қаржы министрлігіне Заңының 38-1 бабы 3 тармағына  Электрондық дүкен (О-маркет) тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін 4000 АЕК-тен аспайтындай бөлшектеуге жол бермеу талабын қосу және «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»  ҚР  Қаржы министрінің 30.11.2015 жылғы №598 бұйрығының Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне 37 тармақты қосу және жылдық көлемі 4000 АЕК-тен асатын біртекті тауарларды бірнеше бөліктерге бөлшектеу арқылы электрондық дүкенмен (О-маркет) сатып алуды жол бермеу бойынша ұсыныс жолданды.

      Алдағы уақытта, мониторинг жұммыстары ұдайы жүргізіліп, қатаң бақылауда болады.

 

Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Сарыағаш ауданы тұрғындарымен (27.03.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
Дата публикации
01 июля 2026