Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Сайрам ауданы тұрғындарымен (25.04.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелерді оындау бойынша іс-шара жоспары (30.06.2026 жылғы жағдай бойынша)

№

Көтерілген мәселелер

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Жол саласы

1.                   

Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының шекарасындағы темір жол өткелін кеңейту мәселесі

 

Ақсукент ауылының тұрғыны Андасбеков Данышпан

Темір жол өткелін кеңейту мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлдіру бойынша ұсыныс енгізу

01.08.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Сайрам ауданы мен Шымкент қаласын жалғайтын темір жол арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытынды алуға жолданған. Алайда сарапта 18.05.2026 жылы №01-1021/26 теріс қорытынды берген. Бүгінгі таңда ЖСҚ толықтырулар мен түзетулер енгізілуде, нәтижесімен алдағы уақытта қайта сараптама алуға жолданады.

2.                   

Аудан орталығынан Ақсукент ауылындағы КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолындағы көпірді кеңейту мәселесі

 

Ақсукент ауылының тұрғыны Андасбеков Данышпан

Көпірді кеңейту мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлдіру бойынша ұсыныс енгізу

01.08.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолындағы көпірдің құрылыс жұмсытарын жүргізуге Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттама әзірленуде.

3.                   

Ақсукент ауылындағы Шахабиддин көшесінен жеңіл автокөлікке арналған темір жол үсті көпір салу мәселесі

 

Ақсукент ауылының тұрғыны Андасбеков Данышпан

 Темір жол үсті көпірін салу мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу

01.07.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Сайрам ауданының әкімдігі

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ұсыныс енгізу

Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Төлеби мен Шахабиддин көшелері арасындағы темір жолдың үстінен өтетін автокөлік көпірінің жоба-сметалық құжаттарын жобалаушы мекеме «МПК Проект» ЖШС-гі тарапынан дайындалып, жобаны мемлекеттік сараптамаға жолдаған. Нәтижесінде көпір түсетін аумақтардағы жерлерді (тұрғын үй, дүкендер, жер) босатпау салдарынан жоба кері қайтарылған.

Бүгінгі таңда аудандық жер бөлімі тарапынан бағалау құнын шығаратын мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына өтінім берілді. Бағалау құнын анықтайтын мердігер мекеме

1 ай мерзім ішінде бағалау актісін ұсынып, жер иелерімен бағалау актісіне сәйкес келісім рәсімдері жүргізіледі. Жер иелері келісім бергеннен кейін жер мемлекетке қаржысы өтеле отырып қайтарылады, ал келісім бермегендері бойынша сотқа мәжбүрлі талап-арыз беріледі. Содан кейін қайта ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға жолданатын болады.

4.                  О

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Құрлық ауылынан өтетін Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолының бойына мал өту белгісі мен жылдамдықты сақтау белгілерін орнату мәселесі

 

Құрлық ауылының тұрғыны Дәулетбахов Талап

Заң талаптарына сәйкес, Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолының бойына мал айдау белгісі мен жылдамдықты асырмау белгілерін орнату бойынша зерделеу жүргізіп, қажет болған жағдайда жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізу

12.05.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

«КазАвтоЖол» мекемесі

(келсім бойынша)

Заң аясында зерделе

ніп, қажеттілі гіне қарай орнату жұмыста рын жүргізу

Мәселені шешу мақсатында аудан әкімдігі  «Қазавтожол» ҰК АҚ-ның Түркістан облыстық филиалына қажетті сұралған жол белгілерін орнату жөнінде хат жолданды. (26.05.2025 жылы №3033)

Нәтижесімен мал өту белгісі орнатылды.

 

5.                   

Қарабұлақ ауылы орталығынан өтетін облыстық маңызы бар жолды күрделі жөндеуден өткізу мәселесі

 

Қарабұлақ ауылының тұрғыны

Анаратаев Айбек

 

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, қаржы қарауға ұсыныс енгізу

10.12.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

Жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, ұсыныс енгізу

 

Қарабұлақ ауылындағы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттама әзірленеді. Бүгінгі таңда Қарабұлақ ауылында ауыз су жүйелеріне күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 2027 жылға өтпелі.

Осыған байланысты ЖСҚ әзірленген соң, сараптама алуға жолданатын болады.

6.                  М

Манкент ауылындағы Ибрагим ата жалпы орта мектебіне баратын жолдан ауыр жүк көліктерінің жүруі салдарынан  асфальттың бұзылу мәселесі

 

Манкент ауылының тұрғыны

Құлақметов Ирискул

Тұрақты түрде рейдттік іс-шараларды ұйымдастырып, нәтижесімен облыс әкімі аппаратына ақпарат енгізу

26.05.2025 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық көліктік бақылау инспекциясы

(келісім бойынша)

 

Түркістан облысының полиция департаменті (келісім бойынша)

Заң аясында шаралар қабылдап, нәтижесімен ақпарат енгізу

Аудан әкімдігі облыстық көліктік бақылау инспекциясы мен облыстық полиция департаментіне аудан аумағындағы және Манкент ауылы Сайрам көшесі арқылы ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қою үшін бірлескен рейд ұйымдастыру жөнінде хат жолданып (28.05.2025 жылғы №3103),

нәтижесімен аудан аумағында автомобиль жолдары арқылы белгіленген шамадан тыс жүк таситын көліктерінің жүруін тоқтату бойынша «Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің, Сайрам аудандық полиция басқармасының және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырылып, 2025 жылдың сәуір-маусым айларында жоғарыда аталған мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Сайрам ауданында
рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, 73 тұлғаға әкімшілік хаттама түзілді және салынған айыппұл көлемі
4 905 770 теңгені құрады.

Электрмен қамту мәселесі

7.                   

Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты елді мекендерде жарықтың жиі сөнуіне байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесінің балансындағы тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын ауыстыру мәселесі

 

Әсіларық ауылының тұрғыны Алтаева Озипа

Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарына талдау жүргізіліп, қажетті қаржы көлемін толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын аяқтап, пайдалануға беру

01.07.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесі

(келісім бойынша)

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

 

Нысанды пайдалануға беру

 

Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты елді мекендерді сапалы электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында талдау жұмыстары жүргізіліп, төмендегі жұмыстар атқарылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесі тарапынан инвест жоба негізінде Сарыарық елді мекенігдегі 139 электр бағанасы, 3 500 ш.қ сип кабель, 1 дана қуаттылығы 250 кВА трансформатор ауыстырылды.

Инвест жоба негізінде 2026 жылға Құрлық ауылының электр бағаналары және электр желісін ауыстыру жоспарланған.

Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Қасымбек датқа ауылындағы Зияев көшесінің электр бағаналарын, электр желісін және трансформаторын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 51 дана электр бағаналары ауыстырылып, орнатылды.

Спорт саласы

8.                   

Қарабұлақ ауыл округі аумағынан спорт кешенін салу мәселесі

Қарабұлақ ауылының тұрғыны

Анаратаев Айбек

Қарабұлақ ауылдық округі аумағынан спорт кешенін салу үшін жер телімін анықтап, жүргізіліп, ұсыныс енгізу

30.05.2025 ж.

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Қарабұлақ ауылдық округі аумағына спорт кешенін салу үшін Қарабұлақ ауылы, Көлкент-Ақсуабад тас жолы бойынан 3,15 га жер телімі қарастырылып, Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің меншігіне өткізіп берілген (Қарабұлақ ауыл округі әкімінің 26.10.2022 жылғы №129 шешімі).

Сонымен қатар, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы тарапынан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісіліп, облыстағы 2026-2028 жылдары аралығында бірінші кезекте іске асырылатын 54 жаңа спорт нысандардың дамыту жоспарына енгізіліп бекітілді.

Жер қатынастары саласы

9.                   

Жібек жолы ауылында                 2005 жылы ауыл әкімінің заңсыз берілген 48 га жайылым жер мәселесі

 

Жібек жолы ауылының  тұрғыны Омаров Керімхан

Заң талаптарына сәйкес жер телімінің беру заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңсыз берілген жағдайда, мемлекет меншігіне алу мүмкіндігін қарастыру. Нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу

30.06.2025 ж.  

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Сайрам ауданы әкімдігі

Ұсыныс енгізу

2021 жылдың қаңтар айында «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-сі, жауапкерлер Р.Сагиндикова, Е.Сагиндикова, А.Керимбеков,  Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының – Түркістан облысы бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тіркеу филиалы, «Сайрам аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ-сі, нотариус Т.Сүйебай Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 09.03.2005жылғы №15 санды шешімін, Заң бойынша мұраға құқық қалдыру туралы 02.06.2009 жылғы №9899 санды куәлігін және 30.03.2012 жылғы №4135 санды куәлігін, Сайрам ауданы әкімдігінің 11.02.2013 жылғы №385 қаулысын, 17.08.2013 жылғы №5196 сыйға тарту келісім шартын және кадастрлық №19295048809, №19295048810 санды сәйкестендіру актілерін, 04.06.2013 жылғы №3150 санды сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы Сайрам аудандық сотқа талап арыз беріп, Сайрам аудандық сотының 9 ақпан 2021 жылғы ұйғарымымен талап қою арызының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 09.03.2005жылғы №15 санды шешімін, Сайрам ауданы әкімдігінің 11.02.2013 жылғы №385 қаулысын, Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан кадастрлық №19295048809, №19295048810 санды сәйкестендіру актілерін жарамсыз деп тану туралы бөліктері бойынша іс жүргізу АПК-нің
277-бабының 1-тармағына сай тоқтатылған.

Істің бұл тұрғысында, сот Түркістан облысы жер инспекциясы басқармасының талабын негізсіз деп тауып, оны қанағаттандырудан бас тартқан.

Аталған іске апеляциялық шағым келтіруіне байланысты Түркістан облысы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралып,Сайрам аудандық сотының 2021 жылғы 9 ақпандағы шешімі өзгеріссіз, «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылу туралы  2021 жылғы 27 мамырдағы №2а-735 қаулысы қабылданған.

10.               

Жібек жолы ауылындағы                      2023 жылы ортақ жайылымға қайтарылған 20 га жер телімін заңсыз пайдалануға беру мәселесі

 

Жібек жолы ауылының  тұрғыны Омаров Керімхан

 Заң талаптарына сәйкес жер телімінің беру заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңсыз берілген жағдайда, мемлекет меншігіне алу мүмкіндігін қарастыру. Нәтижесімен ұсыныс енгізу

30.06.2025 ж.  

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Сайрам ауданы әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Сайрам ауданы әкімдігінің
2023 жылы 13 қыркүйектегі  жер учаскесінің ауданның арнайы жер қоры құрамына енгізу бойынша
№358 қаулысы қабылданып, жер учаскесі ортақ пайдалануға  қайтарылған. Арыз қанағаттандырылды.

11.               

Машат ауылы мектебінің директоры тарапынан жұбайының атына тіркелген жерде жұмыс жүргізіп жатқан демалыс аймағының заңсыз жұмыс жүргізуіне және салық төлемеуіне наразылық білдіруде.

Жібек жолы ауылының  тұрғыны Омаров Керімхан

Заң талаптарына сәйкес көтерілген мәселені толық зерделеп, арыз иесіне заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беру. Нәтижесімен ұсыныс енгізу

30.06.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Турашбеков

 

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті

(келсім бойынша)

 

Сайрам ауданы әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Жібек жолы ауылдық округі Машат елді мекенінде орналасқан «Нұршах» демалыс аймағының жұмысымен танысу барысы нәтижесінде салық төлемдері ЖК «Ибрагимов» атынан төленіп жатқандығы анықталды.

12.               

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Шіркін ауылындағы жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүргізу мәселесі
(83 учаске)

 

Шіркін ауылының тұрғыны Мандибаев Абзал

Инфрақұрылым жүйелерін (газ, свет, су) жүргізу үшін қажетті қаржы көлемін толық бөлуді ұйымдастырып, құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.

01.12.2026 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесі

(келісімі бойынша)

 

Облыстық энергетика  және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

(Қаражат толық бөлінуіне қарай)

 

Аудандық құрылыс бөлімі тарапынан жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, бүгінгі таңда аудандық бюджеттен
200,0 млн. теңге қаржы қаралды:

Газбен жабдықтау – 57,9 млн.тг

Су құбырын тарту – 63,4 млн.тг

Электрмен жабдықтау – 78 7 млн.тг.

қарастырылып, бүгінгі таңда аталған аумақта құрылыс жұмыстары басталды.

Білім саласы

13.               

Жібек жолы ауылдық округі, Сиқым ауылындағы 1986 жылы салынған мектеп жанынан жаңа мектеп салу мәселесі

 

Сиқым ауылының  тұрғыны Қалчаев Жантөре

Заң талаптарына сәйкес жаңа мектеп салу қажеттілігін толық зерделеп, арыз иесіне заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беру

30.05.2025 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

 

Сайрам ауданы әкімдігі

Түсіндіру жұмысын жүргізіп, нәтижесімен ақпарат енгізу

Жібек жолы ауылдық округі, Сиқым ауылында орналасқан, Бөлімге қарасты №47 «Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі (бұдан әрі – Мектеп) А және В корпустарынан тұрады. А корпусы 1986 жылы
В корпусы 1966 жылы салынған. Жалпы сыйымдылығы 192 оқушыға арналған. Мектептің В корпусына «Nur-Stark» ЖШС-гі тарапынан техникалық апатты корпус ретінде қорытынды берілген. Алайда техникалық қорытындының түп нұсқасы жоқ екендігі және тіркеу нөмірі көрсетілмегендігі анықталған. Қазіргі таңда бөлім тарапынан қайта техникалық қорытынды алу үшін мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған.

Ал мектеп салу мәселесі бойынша 2021-2022 оқу жылдарында
222 оқушы, 2022-2023 оқу жылында 226 оқушы, 2023-2024 оқу жылында
208 оқушы, 2023-2024 оқу жылында 192 оқушы мектепте білім алған. Яғни соңғы үш оқу жылдарында Мектепте оқушы санының өсімі тұрақты.

Сиқым ауылында халық санағы бойынша: 1999 жылы 1135 адам, 2009 жылы 978 адам, 2021 жылы 920 адамды құрайды.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 43 тармағына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында апатты, үш аусымды мектептерді жою, демографиялық өсімді ескере отырып оқушы орнының тапшылығын жою тапсырмасы беріліп жоспары бекітілген.

Бекітілген жоспардың негізгі мақсаты апатты, үш ауысымды мектептерді жою, демографиялық өсімді ескере отырып оқушы орнының тапшылығын жою және мектебі жоқ елді мекендерге мектеп салу.

Мектепте оқушы орнының тапшылығы болмауына байланысты Сиқым елді мекенінен 2025-2026 жылдарға дейін жаңа мектеп құрылысын салу жоспарға енгізілмеген. Алдағы уақытта оқушы орын тапшылығы туындаған жағдайда аталған елді мекенге мектеп салу жоспарланатын болады.

14.               

Қарабұлақ ауылындағы                                  №41 жалпы орта мектебі құрылыс жұмыстарына қаржы қарау мәселесі

 

Қарабұлақ ауыл округі тұрғыны

Муталов Абдурасул

Қаржы бөлу бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтау

01.10.2026 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Нысанды пайдала нуға беру

 

Қарабұлақ ауылында орналасқан Бөлімге қарасты №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі (бұдан әрі - Мектеп) 1968 жылы және 2006 жылдары 904 оқушы орынға арналып берілген, қазіргі таңда 1421 оқушы білім алуда.

Мектептің ескі А ғимараты
1968 жылға салынған ескіріп тозығы жетуіне байланысты «Сайрам Проектстрой» ЖСШ-нан техникалық жарамсыз қорытынды алынған. Егер ескі ғимарат бұзылса орын тапшылығы туындайды. Мектепке қосымша 500 орындық оқу корпусын, асхана, кітапхана, спорт зал, шеберхана, спорт алаңы, медициналық бөлме салу үшін  демеуші есебінен «Мұра-Жер» ЖШС-гі тарапынан сметалық құжат әзірленген.

Қазіргі таңда бөлімнің 12.03.2025 жыл №101 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының 16.11.2015 жылғы №402-V ҚРЗ Заңына сәйкес, сметалық құжатты  №Shyme-0384/23 материалдық емес активтер баланысына қабылдап алынды.

Осыған орай сметалық құжатты қайта түзетуден өткізу, құрылыс жұмыстарын жүргізу және қаржыландыру үшін Түркістан облысының білім басқармасына Бөлім тарапынан 01.04.2025 жылы №713 санды хаты жолданған. Бүгінгі таңда білім басқармасы тарапынан қаржы қарауға алдағы облыстық сессияға ұсынылды.

15.               

Қарабұлақ ауылындағы  «Сирус» жеке меншік мектебіне бүгінгі таңға дейін қаржы аударылмау мәселесі

 

Құтарыс ауыл округінің тұрғыны 

Алибжанов Бекжан

Заң талаптарына сәйкес көтерілген мәселені толық зерделеп, арыз иесіне заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беру

30.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

Зерделеу жұмыста рын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау

Ағымдағы жылдың басынан Қарабұлақ ауылындағы «Сирус» жеке меншік мектебіне тиісті қаржы тұрақты түрде аударылуда.

16.               

Манкент ауылындағы Ибрагим ата жалпы орта мектебінің ескі ғимараты маңынан қосымша ғимарат салу мәселесі

 

Манкент ауылының тұрғыны

Құлақметов Ирискул

Заң талаптарына сәйкес қосымша мектеп ғимаратын салу қажеттілігін толық зерделеп, арыз иесіне заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беру.

 

 

 

 

30.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық білім басқармасы

 

Зерделу жұмыстын жүргізіп нәтижесімен ақпарат енгізу

Манкент ауылында орналасқан Бөлімге қарасты «Ибрагим Ата жалпы білім беретін мектебі» КММ-і жобалық қуаттылығы
325 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мектепте (0-11) сыныпта
620 оқушы білім алады. Оның ішінде 52 оқушы 0 сыныпта оқиды, 6-15 жас аралығында 568 бала бар.

Мектеп 1952, 1980, 1990, 2003 жылдары ыңғайластырылған жобада салынып қолданысқа берілген. Мектеп ғимараты күйдірілген қыштан (екі қабатты) және саманды салынған, (бір қабатты). Мектептің ескі 1952 жылы саманнан салынған ғимаратына техникалық жарамсыздық қорытынды алынып, 13.05.2024 жылғы №1161 шығыс хаты Түркістан облысы білім басқармасына жолданып,
2024 жылдың тамыз айында мердігер компания «Асыл-Z» ЖШС мен келісім шарт түзіліп, бұзу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың бұзылуына байланысты орын тапшылығы туындауда.

Осыған орай «Ибрагим Ата» жалпы білім беретін мектебіне Сайрам ауданы әкімдігінің 31.10.2019 жылғы №502 қаулысымен берілген 2,6 га жер теліміне (кадастрлық нөмірі: 19-295-053-9764)  жаңа
600 орынды мектеп құрылысын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жүргізуге және жер құжаттарын жинақтау үшін Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне 01.04.2025 жылы №712 және 24.04.2026 жылы №1372 хаттары жолданған.

Сонымен қатар Түркістан облысы білім басқармасы тарапынан
2026-2027 жылдар аралығында «Ибрагим ата атындағы жалпы білім беретін мектебіне» жаңа жер телімінен 600 орынды мектеп салу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы саласы

17.               

Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Әсіл» каналын бетондау мәселесі

 

Ибадуллаев Серік

Әсіларық ауылының тұрғыны

Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі Әсіл  каналына қажетті қаржыны толық бөлу жұмыстарын ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

01.10.2027 ж.

 

Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

 

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасы

 

«Тұран су» МҚК

Нысанды пайдала нуға беру

 

(Қаражат бөлінуіне қарай)

Қайнарбұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін коммуналдық меншіктегі «Әсіл» каналын күрделі жөндеуден өткізіп, су өткізу қабілеттігін арттыру мақсатында 2024 жылы жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Сонымен қатар, облыстық маслихат депутаттарына (Н.Жамалбеков, Т.Қалмұратов, Б.Айтқұлов және С.Ералиев) 26.02.2026 жылы №1441 санды хатымен облыстық бюджетті нақтылау барысында қажетті қаржы көлемін облыстық бюджеттен бөлуге ықпал ету бойынша сұраныс берілген. Бүгінгі таңда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 1 581,5 млн теңгеге қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

Мәдениет саласы

18.               

Көлкент ауылдық округіне қарасты елді мекендерге мәдениет үйлері мен спорт кешендерін салу мәселесі

 

Көлкент ауылының  тұрғыны Өмірзақов Молдабек

Көлкент ауылдық округіне қарасты елді мекендер аумағынан мәдениет үйі мен спорт кешендерін салу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп ұсыныс енгізу.

30.05.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

Ұсыныс енгізу

Көлкент ауылдық округіне қарасты Ханқорған ауылына мәдениет үйі мен спорт кешенін салу қажеттілігі зерделеніп 1,7925 га жер телімі бекітіліп, құрылыс ауданы
1486,28 м2; жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, салалық басқармаға ұсынылған. Алайда, облыс әкімі тарапынан барлық аудандарда бірдей бір типтік үлгіге сай мәдениет үйі мен спорт кешенін салу бойынша тапсырма беріліп, бұл жоба қолдау таппады.

Өзге мәселелер

19.               

Ақсукент ауылы, Төлеби көшесінің бойында орналасқан теміржол тұйығы тарапынан сапасыз көмір сату, таразыларының мемлекеттік стандарттан заңсыз өтуі мен чек берілмей салықтан жалтару мәселесі

 

Бәйдібек ауданының тұрғыны Жумәділда Бақытжан

Облыс деңгейінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарына сәйкес, тиісті шаралар қабылдау.

Нәтижесімен облыс әкімі аппаратына ақпарат енгізу.

30.07.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық кірістер департаменті

(келсім бойынша)

 

Облыстық экология департаменті

(келісім бойынша)

 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

 Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау

 

Нәтижесімен ақпарат енгізу

Әкімідік тарапынан базаны жалға алушы кәсіпкерлер «ИП Қаз-Гурт» мекемесі өкілдерінің, Сайрам ауданы әкімдігінің өкілдерінің (Т.Керімбеков), Ақсукент ауылдық округінің әкімдігінің өкілдерінің (М.Нурлыбаев), Түркістан облыстық экология департаментінің өкілдерімен және ауыл тұрғындарының қатысуымен аталған мәселе бойынша
2024 жылдың қараша-желтоқсан айында 3 рет кездесу ұйымдастырылып көмір тасымалдау мәселесі бойынша
«ИП Қаз-Гурт» мекемесіне қатысты бір шама мәселелер талқыланып ауыл тұрғындарының наразылықтары бойынша ескерту, түсіндірме жұмыстары жүргізілген;

Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан көмір тасымалдау базасына тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде біршама кемшіліктер анықталып, «ИП Қаз-Гурт» мекемесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабының
1 бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, 160 АЕК соммасында айыппұл салынған. Бүгінгі таңда аталған тұйық жұмысы тоқтатылды.

20.               

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Әсіларық ауылындағы бетон  зауытынан шығатын зиян қалдықтардың ағын суға арласуы және трансформаторларының электр желілеріне заңсыз қосылу мәселелері

 

Әсіларық ауылының тұрғыны Алтаева Озипа

Заң талаптарына сәйкес көтерілген мәселені толық зерделеп, арыз иесіне заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беру.

Нәтижесімен ақпарат енгізу.

30.07.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық экология департаменті

(келісім бойынша)

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесі

Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Әсіларық ауылындағы бетон зауытынан шығатын зиян қалдықтардың ағын суға қалдықтарды тастамауды ескерту берілді және трансформаторларының электр желілерін 5 жұмыс күн ішінде алынып тасталынды.

21.               

Көлкент ауылы аумағынан белсенді ұзақ өмір орталығын ашу мәселесі

 

Көлкент ауылының тұрғыны

Акрамов Суннатулла

Орталықты ашу жұмыстарын сапалы  жүргізіп, пайдалануға беру.

 

01.06.2025 ж.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Сайрам ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Сайрам ауданында Көлкент, Қарабұлақ, Арыс, Құтарыс, Қайнарбұлақ, ауыл округтеріндегі зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық, өмірге және ұрпақтар сабақтастығына тартуға бағытталған жүйелі мәдени демалыс жұмыстарының инфрақұрылымын құру. Зейнеткерлік жастағы азаматтарды медициналық емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларымен қамтамасыз ету. Мүгедектігі бар зейнеткерлік жастағы адамдарды физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру үшін белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру мақсатында 08 мамыр 2025 жылы Сайрам ауданы, Көлкент ауылы, Ақасық көшесі №185 ғимаратында «Белсенді ұзақ өмір» орталығының Көлкент бөлімшесі ашылып, халыққа кеңінен қызмет көрсетуде.

22

 

 

 

Полиция басқармасына аудан аумағындағы заң бұзушылықтар бойынша жазылған арыздарға жауап қайтарылмау мәселесі

 

Ақсукент ауылының тұрғыны Үмбетов Ұлықбек

Сайрам аудандық полиция басқармасы тарапынан өтініш иесі тарапынан жазылған арыздарына жауап ұсыну

30.05.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Түркістан облысының полиция департаменті (келісім бойынша)

 

Заң аясында арыздарды қарап, өтініш иесіне жауап жолдау

Нәтижесімен облыс әкімі аппаратына ақпарат енгізу

2025 жылдың 4 мамыры күні Сайрам ауданына Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров
іс-сапармен келіп азаматтарды қабылдау кезінде азамат Ұ.Умбетовтың қойылған сұрағында, 2022 жылдың 5 маусымда Қазақстан Республикасы Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу кезінде Сайрам ауданында мемлекеттік рәміздердің, оның ішінде Ту жыртылғаны бойынша «102» сымтетігі арқылы полицияға хабарласқанын және берген хабарламасы бойынша жауабын осы уақытқа дейін алмағанын көрсеткен.

Осы қойылған сұрақ бойынша Сайрам АПБ бастығы полиция полковнигі М.Ермеков және ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Б.Ташкулов, азамат Ұ.Умбетовпен сұхбаттасып нақтылау жүргізу барысында, Ту жыртылғаны бойынша «102» хабарлағанын, алайда қолында талон-хабарлама алмағанын, нақты уақыты мен оқиғаны дәлелдейтін бейнежазба болмағанын айтып көрсетті.

Тексеру барысында азамат Ұ.Умбетовтың Сайрам АПБ-ның «102» сымтетігіне хабарласқаны бойынша тіркелмегендігін және осыған қатысты қандай да бір ақпараттар анықталмады. Сайрам АПБ-ның 2025 жылғы
19 мамырдағы анықтамасы.

23

Машат ауылындағы бұрынғы диірменнің орнынан ашылған май өндіретін зауыттан шыққан қалдықтарды ауылдың шетіне апарып төгуіне халық наразы

 

Жібек жолы ауылының  тұрғыны Омаров Керімхан

Экология департаменті тарапынан тексеру жүргізіп, нәтижесін өтініш иесіне және облыс әкімі аппаратына хабарлау

30.05.2025 ж.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық экология департаменті

(келісім бойынша)

 

 

Заң аясында арыздарды қарап, өтініш иесіне жауап жолдау

Нәтижесімен облыс әкімі аппаратына ақпарат енгізу

Жібек жолы ауылдық округі Машат ауылы маңындағы белгіленбеген орынға май зауытынан шыққан қалдықты төккен тұлғаларға әкімшілік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес екі рет айыппұл салынған. Қазіргі уақытта қоқыс тасталған орын тазаланып, ретке келтірілген. Сондай-ақ, аталған май өндіретін зауытқа тұрғындардың шағымына сәйкес, иіс тазалау сүзгісі орнатылды.

 

Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Сайрам ауданы тұрғындарымен (25.04.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелерді оындау бойынша іс-шара жоспары (30.06.2026 жылғы жағдай бойынша)
Дата публикации
01 июля 2026