Ішкі аудит қызметімен 2025 жылғы 12 айда 7 мемлекеттік аудит объектісінде тиімділік, сәйкестік аудиті жүргізілді, оның ішінде 6 мемлекеттік мекемеде және 1 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы 24 085 119,5 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар көлемі 5 432 825,1 мың теңгені құрайды, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтар 5 134 115,2 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар 298 709,9 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 242 653,1 мың теңге.
Жүргізілген 7 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті уәкілетті органдарға материалдар жолданып, бүгінгі таңға салынған әкімшілік айыппұлдардың 235,6 мың теңге бюджетке өндірілді. Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектілеріне және бағдарлама әкімшілеріне жолданды.