Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың заңнаманы талдау және ұлттық алдын алу тетігі бөлімінің ұлттық алдын алу тетігі секторының бас сарапшысы (1 бірлік)
Астана қаласы
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Телекоммуникациялар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Ақпараттық жүйелер
Функционалды міндеттер
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі іс-әрекеттері мен шешімдеріне өтініштерін қарау;
2) Қабылдаулар кезінде кеңес беру және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілері туралы ақпаратты ұсыну;
3) Ұлттық алдын алу тетігі мандаты шеңберінде мекемелерге бару арқылы қабылдауларды өткізу және оларды өткізу нәтижесі бойынша есептерді дайындау;
4) Қазақстан Республикасы аймақтарына бару және Уәкілеттінің өкілдерімен және ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылармен бірлескен азаматтарды азаптау және қатыгез қатынас туралы шағымдары бойынша қабылдауларды жүзегне асыру;
5) азаматтарды қабылдау нәтижесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми сайтта және әлеуметтік желілерде орналастыру үшін ақпараттық хабарламалардың жобаларын дайындау;
6) мемлекеттік органдармен, мекемелермен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ұлттық алдын алу тетігі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
7) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайынғы баяндамасына материалдар және келіп түскен өтініштер мен оларды қарау нәтижелерін талдай отырып, Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарының жай-күйі туралы арнайы баяндамалар дайындау;
8) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесі түрінде ұлттық алдын алу тетігінің қызметін үйлестіретін адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша ұлттық алдын алу тетігіне жататын мекемелер мен ұйымдарға бару;
10) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін оның ресми хабарламаларының жобаларын дайындайды;
11) азаптау және қатыгез қарым-қатынас туралы ақпаратты қорыту, жүйелеу және талдау, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге олардың себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
12) алдын алу барулары бойынша ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың есептерін жинау және есепке алу;
13) басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-ғимарат, 15-кіреберіс, 603-кабинеті
-
+7(7172) 740561; 740548; 740409