Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Хатшылығы қаржы секторының бас консультанты, санаты B-4 (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

   4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (қаржы және кредит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе экономика, бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе бухгалтерлік есеп).

 

Функционалды міндеттер

Бас консультант: 1) бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді, қаржы және бюджет саясатын әзірлеуге қатысу және бақылау; 2) бюджеттік өтінімді жоспарлау және қалыптастыру және Бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат беру; 3) Ұлттық орталықтың құрылымдық бөлімшелері мен өкілдіктерінің бюджеттік өтінімдерін қарау; 4) Ұлттық орталықтың алдағы үш жылдық кезеңге арналған жиынтық бюджеттік өтінімін бақылау және дайындау; 5) өз құзыреті шегінде талдау анықтамаларын, материалдарды, баяндамаларды бақылау және дайындау; 6) қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету; 7) белгіленген есептіліктердің, бюджеттің атқарылуы туралы есептердің уақтылы жасалуын және уәкілетті органдарға жіберілуін бақылау; 8) нақты шығыстарды нақтылауға байланысты міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын түзетуді жүзеге асыру; 9) өз құзыреті шегінде құқықтық актілердің, әдістемелердің, әдістемелік ұсынымдардың жобаларын әзірлеуге қатысу; 10) Ұлттық орталықтың теңгерімінен белгіленген тәртіппен жарамсыз болған негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу; 11) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржылық жоспарларды уақтылы орындауға қатысу; 12) Ұлттық орталықтың бюджеттік шығыстары бойынша талдамалық анықтамаларды, материалдарды, баяндамаларды дайындау; 13) бюджеттің атқарылуы туралы ай сайынғы жедел жиынтық есептерді жасау; 14) қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері бойынша ұйымдармен және ведомстволармен хат алмасуды жүзеге асыру; 15) материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін жүргізу, құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жасалған операциялардың заңдылығын алдын ала бақылау; 16) активтер мен басқа да материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау; 17) материалдық жауапты тұлғалар жағдайында бухгалтерлік есептің қосалқы шоттары бойынша аналитикалық есепке алуды жүргізу 18) электрондық өкімдерді тіркеу және ресімдеу арқылы Мемлекеттік мүлік тізілімінде активтерді есептен шығару нәтижелерін көрсету; 19) Ұлттық орталықтың материалдық құндылықтарына жыл сайынғы түгендеу жүргізу; 20) істер тізімін жүргізу; 21) басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты атқарады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.04.2025 – 21.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

23.04.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Анықтама алу үшін байланыс

87172741183