Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Хатшылығының Қаржы секторының бас консультанты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 (күші жойылды) (27.12.2024) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит
  • Бухгалтерлік есеп
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Бас консультант:
1) Ұлттық орталықтың тиісті қаржы жылына арналған тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын
(бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу жоспары) әзірлеу, бекітуге, нақтылауға
дайындайды;
2) мемлекеттік сатып алу саласындағы ережелер мен заңдарға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін
нормативтік құқықтық базаға, бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып
алу жоспарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алу веб
порталына орналастырады;
3) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қажетті құжаттарды
(техникалық ерекшелік, жобалау-сметалық құжаттама, шарттар)
дайындайды;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасында көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды өткізу
туралы шешімдерді әзірлейді және бекітуге дайындайды;
5) Ұлттық орталықтың құрылымдық бөлімшелерінен ұсынылған ақпарат
негізінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы бекітуге
дайындайды;
6) Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу бойынша
конкурстық және (немесе) сараптамалық комиссиялардың құрамын
қалыптастырады;
7) мемлекеттік сатып алу веб-порталында хабарландыруларды жариялауды
қамтамасыз етеді;
8) Конкурстық және (немесе) сараптамалық комиссиялардың жұмыстарын
ұйымдастырады;
9) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен заңнамада белгіленген
тәртіппен жасалатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды әзірлеу, оларға қол қоюды
қамтамасыз ету, оларды жасау және Мемлекеттік сатып алу веб-порталында
орналастырады;
10) әлеуетті өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз
қатысушылар деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін Ұлттық
орталықтың құрылымдық бөлімшесіне ақпарат беру;
11) Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де
құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
12) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу бойынша
өзге де функцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты жүзеге
асырады;
13) материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін жүргізу,
құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын
операциялардың заңдылығына алдын ала бақылау жасайды;
14) активтер мен басқа да материалдық құндылықтардың сақталуын
бақылайды;
15) материалдық жауапты тұлғалар бөлінісінде бухгалтерлік есептің қосалқы
шоттары бойынша талдамалық есепке алуды жүзеге асырады;
16) электрондық бұйрықтарды тіркеу және орындау арқылы мемлекеттік
мүлік Тізілімінде активтерді есептен шығару нәтижелерін көрсетуді жүзеге
асырады;
17) Ұлттық орталықтың негізгі құралдарының жай-күйі туралы есепті
дайындауды және статистикалық органға тапсыруды жүзеге асырады;
18) Ұлттық орталықтың мүліктік-материалдық құндылықтарына жылдық
түгендеу жүргізеді;
19) Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері бойынша ұйымдармен және
ведомстволармен хат алмасуды жүзеге асыру;
20) мүліктік-материалдық құндылықтарды есепке алуға жататын
бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына
негіздейді;
21) істер номенклатурасын жүргізеді;
22) басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
мәселелері бойынша жұмысты атқарады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.10.2024 – 06.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.11.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, 15 кіреберіс, 601 қызметтік бөлме

Анықтама алу үшін байланыс

+7(7172)74-05-00