Түркістан облысында сотталғандарды ай сайын құқықтық оқыту басталды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің бастамасымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің No55 мекемесінде сотталғандарды ай сайын заңгерлік оқыту ұйымдастырылды.
Іс-шара адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық білім беру аясында өткізілуде.
Құқықтық тәрбие негізінен сотталған адамға оның құқықтары мен заңды мүдделеріне қандай да бір түрде әсер ететін заң нормаларын түсіндіруден тұрады.
Бұл жоба зейнеткерлікке шыққан сотталғандарға арналған құқықтық марафоннан басталды. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша медициналық-әлеуметтік мәселелер басқармасы басшысының орынбасары Марат Архаров пен «БЖЗҚ» АҚ Ленгір қаласындағы қызмет көрсету орталығының басшысы Айгүл Байсейітова қатысты. Сарапшылар заңгерлік кеңес беріп, Омбудсмен өкілімен бірге жеке кездесу өткізді.