Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі зейнеткерлерге заңгерлік кеңес берді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі зейнеткерлерге заңгерлік кеңес берді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі облыстық Әділет департаментімен бірлесе отырып, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру шарасын өткізді. Мұндай отырыстар Омбудсменнің тапсырмасымен халықты құқықтық оқыту аясында ұйымдастырылады.

Іс-шара адвокаттың, нотариустың, заң кеңесшісінің, сот орындаушыларының, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өкілдерінің қатысуымен өтті. Жиынға 50-ге жуық қызмет алушы, зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүгедектер қатысты.

Сарапшылар банкке төленетін несие сомасын азайту, алимент алу, жылжымайтын мүлікті сыйға тарту, банкроттыққа арыз беру, баспана кезегінде тұру сияқты мәселелерді қарастырды.

Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жан-жақты жауап алып, пайдалы кездесу үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Қызмет бағыты