Астанада сарапшылар Жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын талқылады

Астанада сарапшылар Жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын талқылады

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі Жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын талқылауға қатысты

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңесінің өкілі «Қазақстандағы жеке детективтік қызметті заңнамалық реттеудің проблемалық мәселелері мен перспективалары» атты дөңгелек үстелге қатысты. Шараны ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты «АМАНАТ» партиясының Қоғамдық саясат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шарада Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов баяндама жасады, сонымен қатар жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Парламентаризм институтының және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі уақытта заңмен реттелмеген детективтік қызметті құқықтық реттеуге қатысты мәселелер, оның ішінде жеке детективтерге ұсынылуы жоспарланған талаптар, олардың өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар көршілес елдердің заңнамалық базасын қарап, тәжірибе алмасты және детективтік тәжірибенің практикалық істерімен бөлісті.

Заң жобасына сәйкес, детективтік агенттіктер іскерлік келіссөздер жүргізу үшін тапсырыс берушінің атынан ақпарат жинау, сенімсіз іскер серіктестерді анықтау, тапсырыс берушінің атынан хабарсыз кеткен немесе іздеуде жүрген адамдарды, жоғалған мүлік және т.б. іздеу сияқты қызмет түрлерін көрсете алады деп болжануда.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі оның ішінде бес негізгі қызметті қалдыру керектігін атап өтті.

«Бұл қатарда із-түссіз жоғалғандарды іздеу, жоғалған мүлікті табу, азаматтық істер бойынша мәліметтер мен құжаттарды жинау бар. Біз, сондай-ақ екі тармақты қосуды ұсынамыз – бірінші нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділіктен қорғау үшін ата-анасының атынан аңдыушыларды іздеу және кәмелетке толмаған балаларды қадағалау қызметтері», - деді ұлттық орталық өкілі.

Оның айтуынша, егер тізім ұсынылған қызметтермен шектелетін болса, заң жобасының қабылдану мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, «Жеке детективтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламентаризм институты ғалымдарды, сарапшыларды және қоғамдық ұйымдарды тарта отырып әзірлеуде.

Қызмет бағыты