Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

Баланың құқықтары және оларды қорғау - күн тәртібінде тұрған тақырып. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған алаңда, Білім және ғылым вице-министрі Асылова Бибігүл Амангелдіқызы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюро директорының орынбасары Ақылбекова Роза Максатбекқызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің басшыларымен кездесті.

Жабық мекемелердегі балалар қауіпсіздігі мәселелердің ауқымы мен өзектілігі туралы айтылды. Айта кетсек, Түркістан облысындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған Ленгер көмек беру мектеп-интернатының, Шығыс Қазақстан облысының психоневрологиялық патологиясы бар балалардың тұрақты қонысына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетелетді.

Құқық қорғау ұйымдарының өкілдері Балалардың құқық деңгейі ересектермен бірдей екенін атап өтті. Әрбір баланың естілу құқығы, бостандығының құқығы, ақпарат алу құқығы, тұрғын үй құқығына, медициналық қызмет алу құқығына, Білім алу құқығы, кемсітпеушілік құқығы, өмір сүру құқығы және т.б. Бұл құқықтар барлық балалар үшін кез келген ерекшеліксіз танылуы тиіс.

Азимова Э. А. және Ақылбекова Р. М. бүгінгі күні балалардың құқықтарын қорғаудың, жабық мекемелердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық, және ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Қоғамдық бақылау - бұл Қазақстан үшін айтарлықтай жаңа құбылыс, яғни азаматтардың, оның ішінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізуге бағытталған.

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап еліміздің 17 өңірінде балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын 100-ден астам азамат қоғамдық тексеру жұмытарын жүргізу үшін әр мекемеге кіре алады. Яғни, бұл: балалар үйлері, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары, баспаналар, жасөспірімдер үйлері, мектеп-интернаттар, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары, балалар үйлері, медициналық-әлеуметтік мекемелер және т. б. жатады.

Кездесу барысында мекемелердің басшылары мен ҰПМ ұжым өкілдері жергілікті жерлерде көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Пікірталас барысында заң бойынша балаға қамқорлық жасауға міндетті, балалардың құқықтары бұзылуының, зорлық-зомбылық пен оларға қатыгез қарым-қатынастың аса өткір және өзекті мәселелері талқыға салынды.

Мүмкіндігінше,  бір қағида жұмыс істеуі керек: адам құқығына - балалардың құқығын қорғау арқылы.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро ұйымдастырған онлайн алаңда қатысушылар мен тәрбиеленушілеріне консультациялық көмек көрсететін болады.

Толық ақпарат: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2728970340680406&id=100007024007960