Ақтөбедегі тергеу изоляторында сотталғандарды ҰААТ өкілдерімен онлайн «кездестірді»

Ақтөбедегі тергеу изоляторында сотталғандарды ҰААТ өкілдерімен онлайн «кездестірді»

Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) өкілдері ағымдағы жылдың 18 мамырында Ақтөбе облысындағы КА-168/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылармен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҰААТ өкілдері мемлекеттік және орыс тілдерінде ҰААТ институты жайында сөз қозғап, оның мақсаттары мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Онлайн-сұхбат барысында айыпталушылар мен жазасын өтеушілердің тарапынан: азаптау, зорлық-зомбылық, адамның қадір-қасиетін қорлайтын басқа да қатыгез іс-әрекеттер туралы шағымдар түскен жоқ.

Сотталушыларды шартты түрде мерзімінен бұрын босату және рақымшылық мәселелері қызықтырды, оларға заңнамаға сәйкес жауаптар ұсынылды.

ҰААТ тобының басшысы қылмыстық іс бойынша кездесуді ҰААТ өкілдерінен сұраған айыпталушылармен жеке онлайн-кездесу өткізді. Сотталушыларға қылмыстық істің заңнамаға сәйкес өздерінің құқықтарын, оның ішінде қылмыстық іске қатысатын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді.