Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы бейнеконференция түрінде өтті

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы бейнеконференция түрінде өтті

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы бейнеконференция түрінде өтті.

Отырыстың күн тәртібінде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының 2019 жылға арналған алдын-алу барулардың нәтижелері бойынша Жинақталған баяндаманың жобасын талқылау.

Биылғы жылы әзірленіп жатқан Жинақталған баяндаманың өткен жылдардағы баяндамалардан ерекшелігі - кәмелетке толмағандардың білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне ведомстволық бағыныстағы  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардағы жағдайын қоса алғанда көрсету болып табылады.

 Жинақталған баяндаманың мақсаты - бостандығынан айырылған немесе шектелген адамдардың аталған ұйымдар мен мекемелердегі нақты жағдайын анықтау, уәкілетті мемлекеттік органдарға осы адамдармен қарым-қатынасты жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар беру, азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алу.

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының 2019 жылғы алдын-ала баруларының нәтижелері бойынша Жинақталған есебінің тұсаукесері ағымдағы жылғы мамыр айына жоспарлануда.