Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңізді бағалаймыз.

Төрткүл дүниенің жаңалығынан қалыс қалмай, әлемдегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болсақ, бірінші кезекте осы ақпарат саласы қызметкерлерінің арқасы деп білеміз.
Бүгінгі мереке – еңбектеріңіздің еленетін, ұшқыр қиялдарыңыздың жемісін ұлықтайтын күн.


Тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында, қоғамдағы өзекті мәселелерді обьективті түрде жеткізіп, әділдік пен заңдылықты айғақтап, адамдардың құқықтарын қорғап жүрген еңбектеріңіз Әділетті Қазақстанды дамыту жолында зор үлесін қосуда.

Қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты саладағы қызметтеріңізде халықтың қошеметіне бөленіп жүре беріңіздер!

Оқырмандар мен көрермендердің көңілінен шығатын тұщымды ақпараттарыңыз көп, қаламдарыңыз қарымды болсын!

Отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, толағай табыс, бақ-береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Құрметпен, Артур Ластаев және Қазақстан Республикасы
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ұжымы