Парламентшілердің қоғамдағы ашықтығы жөніндегі халықаралық конференция

Парламентшілердің қоғамдағы ашықтығы жөніндегі халықаралық конференция

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қоры ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Парламентінің қоғам үшін институционалдық ашықтығы жөніндегі халықаралық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдерімен қатар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның өңірлік өкілдері онлайн форматта қатысты.

Спикерлер депутаттық корпустың БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимылы, олардың қызметінің ашықтығының маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті.

Өз кезегінде, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ашық парламенттің рөлі біз үшін парламенттік күн тәртібіне адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелерді, бұзушылықтарды және оларды қалпына келтіру мен қорғаудың тиімді құралдарын енгізу тұрғысынан өзекті екенін атап өтті. Бұл жұртшылықтың қолжетімділігін және парламентшілер жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуде маңызды болып табылады.

#Ombudsman #Уәкіл #АдамҚұқығы #Өкіл

Қызмет бағыты