«Зиянды заттардың лақтырылуы, өртенген қамыс, аурулардың өршуі..!» Атырау тұрғындары Омбудсменге қалада ауаның ластанғанына шағымданды

«Зиянды заттардың лақтырылуы, өртенген қамыс, аурулардың өршуі..!» Атырау тұрғындары Омбудсменге қалада ауаның ластанғанына шағымданды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына атыраулық азаматша қала тұрғындарының қолайлы қоршаған ортаға деген құқықтарының бұзылуына шағымданды. 

«Терезелерді күндіз де, түнде де ашу мүмкін емес! Мен air.kz қосымшасын жүктеп алдым, енді бұл иісті мұрнынмен иіскеп қана қоймай, қосымшада ауаның ластанғанын да көремін! Бұл зиянды заттардың лақтырылуы, өртенген қамыстар, аурулардың өршуі атыраулықтарда жаңа аурулар пайда болуда! Сонда, қаладағы биліктің өзгеруі нақты неге әкелді? Неліктен зиянды заттардың лақтырылу жиілігі мен қарқыны ұлғайды??? ....Бұл жағдай неге нашарлады? Терезелер жабық болса да, үйіміз лас иіске сіңіп кеткен. Қалада бронх демікпесі мен аллергиямен ауыратындар саны артқан. Балалардың көбі зардап шегуде. Түсініксіз этиологияның аллергиясы. Біздің қаланың сыртына шықсаңыз, аллергияңыз жоғалып кететінін көпшілік біледі... Өтінемін, осы заңсыздықты тоқтатыңыз!», – деп жазды арызданушы (өтініш орыс тілінен аударылған).

Қала тұрғынының айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет жүгінгенімен, аталған факті бойынша тиісті шаралар қолданылмаған.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өтініш иесінің шағымын қарағаннан кейін, мән-жайды анықтау мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне тиісті хат жолдады. Онда Атырау қаласында бұндай ахуалды мәселенің бар екенін расталады.

Сонымен, министрліктің хабарлауынша, олар Атырау облысының экологиялық мәселелерін және оларды жұртшылықпен бірге шешу жолдарын қарастырған.

Шығарындылардың негізгі көздері күкіртсутек булану орындары «Тухлая Балка» (АМӨЗ), «Квадрат» және т.б. болып табылатыны хабарланады. Осындай келеңсіздіктерді жою мақсатында бірқатар шаралар қабылданып, жол картасы жасалды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қабылданып жатқан шаралар аясында шығарындылар көздерін азайту және ластаушы заттардың шығарындыларын 25% - ға дейін азайту жоспарлануда.

Тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде аумақтық экология департаменті тексеру жүргізіп, нәтижесінде көмірқышқыл газы, азот оксиді және азот диоксиді бойынша шығарындылар нормативтерінің асып кетуі анықталды. Бұндай фактілерге жол берген тиісті кәсіпорынды, экология органы заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартты.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 13-бабына сәйкес әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар. Сондай-ақ, әркімнің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және басқа да мемлекеттік органдарға экологиялық залал келтірудің, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзудың болжамды фактілері бойынша немесе осындай зардаптардың туындау қаупін туғызатын өзге де мән-жайлар туралы білу үшін жүгінуге құқығы бар.

#Ombudsman #Уәкіл#АдамҚұқығы