ІІМ ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КОНКУРС ӨТТІ

ІІМ ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КОНКУРС ӨТТІ

2022 жылғы 14 наурызда «Penal Reform International» халықаралық үкіметтік емес ұйымы өкілдігінің және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тәрбие қызметтері қызметкерлері арасында «Жасақтың үздік бастығы» атағына конкурс өткізді.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Зере Өтебаева мұндай іс-шараларды өткізудің мақсаты адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды ескере отырып, жабық мекемелер мен мекемелерді басқарудың ең үздік әдістерін енгізу, қызметкерлер арасында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын сақтау және олардың қайта әлеуметтенуін қамтамасыз ету, өз жауапкершілігін тұрақты түсінуді қалыптастыру керектігін атап өтті.