ХКҰ сарапшылары қазақстандық тарапқа адам саудасына қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарын таныстырды

2021 жылдың 15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында гибридті форматта (онлайн/оффлайн) Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (ХКҰ) бастамасы бойынша әзірленген заң жобасының таныстырылымы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында мүдделі мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және министрлігімен бірлесіп жеке заңды әзірлеу және қабылдау туралы мәселені қарауы көзделген. Бұған дейін арнайы заң қабылдау туралы ұсынысты БҰҰ институттары және басқа да халықаралық ұйымдар айтқан болатын.
Ұсынылған жобаны талқылауға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, орталық атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
"Мен жергілікті жерлерде осындай құқық бұзушылықтардан зардап шеккен осал азаматтарға нақты көмек көрсететін және адам құқықтары мен олардың бұзылуының алдын алу туралы ақпараттық науқандар жүргізетін үкіметтік емес ұйымдарға ризамын. Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық органдар азаматтық сектордың әлеуетін, әсіресе, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты пайдалануға тиіс. Өкінішке орай, заңнамада мұндай өзара іс-қимылдың нақты қадамдық механизмі қарастырылмаған және жалпы нормалар бар. Нәтижесінде, тәжірибе көрсеткендей, мұндай қылмыстардан зардап шеккендер олар ала алатын кепілдіктер мен қолдау шаралары туралы толық түсінікке ие емес. Бұл тиісті ережелердің әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде бекітілгендігімен және осы тетіктің іске асырылуын бақылаудың байланысты жүйесінің болмауымен байланысты. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар БАҚ және азаматтық сектор мен басқа да ұйымдарды тарта отырып, алдын алу іс - шараларын тұрақты қолдауды ұйымдастыруға әлі мүдделі емес", - деп атап өтті Әзімова Эльвира.
Іс-шараға қатысушылар бұзушылықтардың алдын алудың және зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің және оларды сүйемелдеудің тиімді тетігін әзірлеу нақты құқықтық реттеуді ғана емес, сондай-ақ жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу саясатын барабар қаржылық қолдауды талап ететіндігімен келісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсынылған заң жобасын талқылауды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.