Омбудсмен заңнамаға және Қазақстанның сот жүйесінің тәжірибесіне қағидаттарды енгізудің маңыздылығын атап өтті

Омбудсмен 4, 6, 7, 8, 9 қағидаттарын Қазақстанның заңнамасы мен сот жүйесінің тәжірибесіне енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл алқабилер сотының құрамын және кандидаттардың мәліметтер базасын қалыптастыруға, шағымдар мен хабарламалар беру үшін электрондық платформада техникалық жағдай жасауға қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира өз түсіндірмесінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сот төрелігіне қол жеткізу жөніндегі халықаралық қағидалар мен басшылық ережелер БҰҰ — ның 2020 жылы қабылданған алғашқы басшылығы екенін айтты.
Бұл құжатта мүгедек адамдар үшін сот төрелігіне қол жеткізудің 10 қағидасы баяндалған.
- Ешкімге мүгедектік негізінде сот төрелігіне қол жеткізуден бас тартуға болмайды
- Үй-жайлар мен қызметтер мүмкіндігі шектеулі адамдарды кемсітусіз сот төрелігіне тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей қолжетімді болуға тиіс.
- Мүгедектердің, оның ішінде кемтар балалардың тиісті іс жүргізу құралдарына құқығы бар.
- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың заң хабарламалары мен ақпараттарына басқалармен тең дәрежеде қолжетімді нысанда уақтылы қол жеткізуге құқығы бар.
- Мүгедектердің халықаралық құқықта басқалармен тең дәрежеде танылған барлық негізгі және процестік кепілдіктерге құқығы бар және мемлекеттер тиісті құқықтық рәсімге кепілдік беру үшін қажетті тетіктерді қамтамасыз етуге тиіс.
- Мүгедектердің тегін немесе қолжетімді заң көмегіне құқығы бар.
- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың сот төрелігін іске асыруға басқалармен тең дәрежеде қатысуға құқығы бар.
- Мүмкіндігі шектеулі адамдар шағым беруге және адам құқықтары мен қылмыстар туралы сот ісін бастауға құқылы, олардың шағымдары тиімді қорғау құралдарымен тексерілуі керек.
- Мониторингтің тиімді және сенімді тетіктері мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қолдауда шешуші рөл атқарады.
- Сот төрелігі жүйесінде жұмыс істейтіндердің барлығына хабардарлықты арттыруды және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарына арналған оқу бағдарламаларын қамтамасыз ету қажет.
Мүгедек адамдардың сот төрелігіне қол жеткізуі жөніндегі халықаралық қағидаттарды БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі сарапшылармен, мүмкіндіктері шектеулі адамдар ұйымдарымен және заңгерлермен ынтымақтастықта әзірледі. Кейін құжатты Халықаралық мүгедектер Альянсы мен Халықаралық заңгерлер комиссиясы мақұлдады.