8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН!

Құрметті Қазақстан әйелдері! Сіздерді нәзік және сезімге толы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге және жақындарыңызға көктеммен гүлденетін табиғаттың жағымды көңіл-күйін тілейміз!
Әр адамның тағдырындағы ең мейірімді және жарқын оқиғалар сізбен байланысты. Адам үшін мотивация және өзін-өзі тану әрқашан шешуші болып табылады. Әйелдерді қолдау, барлық әйелдердің, ана, әке және бала институттарының экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, отбасылық құндылықтар мәдениетін ілгерілету, кәсіби сала мен бизнесте бәсекеге қабілетті гендерлік теңгерімді қамтамасыз ету – бұл қазіргі кезеңдегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтары. Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларында талантты және талапты әйелдер көп. Бізге әрбір әйел өзінің шығармашылық және кәсіби әлеуетін аша алатын тиімді жағдайлар жасау қажет. Барлықтарыңызға зор денсаулық, амандық және табыс тілейміз!
Ізгі тілекпен, Эльвира Әзімова және Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының ұжымы.