Страновой обзор «О соблюдении в Республике Казахстан права граждан на оказание медицинской помощи и медицинский уход в случае болезни»

Елдік шолу Қазақстанда азаматтардың қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек пен медициналық күтім алу құқығының сақталуына арналған. Онда халықаралық стандарттар, ұлттық заңнама, денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеу және денсаулық сақтау құқығын іс жүзінде іске асыру мәселелері талданған. МӘМС жүйесі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу және құқық қорғау институтының қызметі қарастырылған.

Шолуда ауылдық және шалғай елді мекендердегі медицина қызметкерлерінің тапшылығы, мамандандырылған медициналық көмектің өңірлерде біркелкі қолжетімді болмауы және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне түсетін жоғары жүктеме атап өтілген. Кадр саясатын жетілдіру, МСАК инфрақұрылымын, телемедицина мен цифрлық сервистерді дамыту, пациенттерді бағыттау жүйесін, медициналық көмектің сапасын ішкі бақылауды және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, сондай-ақ пациенттер құқықтарының сақталуына тәуелсіз мониторингті жалғастыру ұсынылған.

О СОБЛЮДЕНИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ПРАВА ГРАЖДАН НА ОКАЗАНИЕ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ И МЕДИЦИНСКИЙ УХОД В СЛУЧАЕ БОЛЕЗНИ
Дата публикации
17 апреля 2026