«ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясына мүше мемлекеттердің пенитенциарлық жүйесінде әйелдердің құқықтарын қорғау туралы» тақырыптық баяндама.
Баяндама ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссияға мүше мемлекеттердің пенитенциарлық жүйелеріндегі әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесіне арналған. Жұмыста халықаралық стандарттарға, ұлттық заңнамаға және оларды қолдану практикасына жүргізілген талдаудың нәтижелері баяндалған. Атап айтқанда, әйелдерді қамауда ұстау жағдайлары, медициналық көмек пен білім алуға қолжетімділік, қайта әлеуметтендіру бағдарламалары және тәуелсіз мониторинг тетіктері зерделенді. Әйелдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасына, оның негізгі тенденцияларына мен алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
Зерттеу қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге және пенитенциарлық жүйелердегі әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленген.
8
26 қараша 2026 16:04
26 қараша 2026