«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне өзінің қызметі туралы баяндаманы ұсынады. Аталған баяндамада нормативтік құқықтық актілерді талдау, шағымдарды қарау және осы Конституциялық заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді іске асыру нәтижелері қамтылады.
Жыл сайынғы баяндамалар есепті кезеңдегі Уәкіл қызметінің негізгі нәтижелерін, Қазақстандағы адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау жағдайын, адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды үрдістер мен жүйелі проблемаларды көрсетеді. Баяндамаларда адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша мемлекеттік органдарға берілген ұсынымдар қамтылады.