«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес, Уәкіл қызметінің негізгі бағыттарының бірі – адам құқықтары саласында құқықтық ағартуға жәрдемдесу, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және халықтың Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы саладағы маңызды халықаралық актілер туралы білім деңгейін арттыру болып табылады.
Уәкіл институтының қызметін насихаттау және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында барлық өңірлерді қамтыған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылуда. Аталған науқан телевизиялық бағдарламаларға қатысуды, баспа басылымдарында мақалалар жариялауды, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарында материалдар орналастыруды және әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық жұмысты қамтиды. Бұл шаралар азаматтардың Уәкіл қызметі және адам құқықтарын қорғаудағы оның рөлі туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Президенттің «Адал азамат», «Заң және Тәртіп», «Таза Қазақстан» тұжырымдамалары аясында құқықтар, міндеттер мен жауапкершілік мәселелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтау және қорғау мәселелері де Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының басты назарында.