Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешім жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «2025 жылы Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешім жобасы әзірленді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының               17-бабы 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14855270 аталған жоба жария талқылау үшін орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

 

 

СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің

экономика және қаржы бөлімінің   

басшысы                                                                                   Д. Семыкин