Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін, аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы (әрі қарай-жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz 2025 жылғы 12 қарашада аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
Қызмет бағыты