«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 30 бұйрығы негізінде (бұдан әрі – бұйрық), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, жоғарыда аталған бұйрықпен құрылған, жұмыс тобымен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді (бұдан әрі – талдау).
Талданатын кезең: 2023 жылғы 01 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 мамыры аралығында.
Талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 05 маусымнан бастап 26 маусымы аралығында, 16 жұмыс күні.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Бөлімнің қызметін қозғайтын, нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
- Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
- НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
Ескерту: Келесі нормативтік құқықтық актілер зерттелді:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі.
- ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
2.1. Мемлекеттік қызмет көрсету
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес (2023 ж. 12.06. өзгерістерді және толықтыруларды ескере отырып) стандартта мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі нақты регламенттелген.
2023 жылғы 1 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 мамыры аралығына мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы 109 өтініш түсті. Тексерілетін кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
Көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында көрсетіледі. Қызмет көрсету нысаны электрондық.
Алайда, осы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. Қағидалардың 4 тармағында «Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды». Қағидада көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап ету Қағиданың 10 тармағында алынып тасталғандықтан, сатып алушының сатушымен туыстық фактісін анықтау, сондай-ақ азаматтың сатып алынатын тұрғын үй-жайда тұрақты тұру фактісін анықтау мүмкін емес. Мекенжайға тіркелу нақты емес, ресми болуы мүмкін. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында ақпараттық жүйеде өтініштерді қалыптастыру кезінде электрондық үкімет порталының деректерінен Egov яғни нақты тұрғылықты жері бойынша емес, тіркелу бойынша.
Қағидада туыстық дәрежесін, мекенжайы бойынша нақты тұрғылықты жерін анықтау әдісі ашылмаған. Тегінің ұқсастығы немесе, керісінше, олардың айырмашылығы (ұлттық дәстүр бойынша) туыстық дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, сатып алынатын жылжымайтын мүліктің мекенжайы бойынша тіркеудің болуы азаматтың осы мекенжай бойынша нақты тұруын дәл көрсете алмайды.
Ұсынымдар:
1) Мамлют ауданы әкімінің аппаратына «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізуді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына мәселеге бастамашылық жасау туралы хат жолдансын.
2.2. Қоғамдық мүддені білдіретін объектінің қызметі туралы ақпаратты толық және уақтылы жарияламау туралы Сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның (бұдан әрі - ақпаратқа қол жеткізу туралы Заң) 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иелері өз құзыреті шегінде кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыруға міндетті:
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке түсу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған конкурс туралы мәліметтер;
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар;
бос лауазымдарға орналасу мәселелері бойынша кеңес беруге уәкілетті персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметкерлерінің байланыс деректері (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);
Алайда, талдау барысында кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат жаңартылмайтыны анықталды.
Ұсыныстар:
2) Кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты жариялау.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
Жұмыс тобы ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бағалауды жүзеге асырсын.
Бөлім басшысы Д. Семыкин
КЕЛІСІЛДІ:
|
Сақтағанова Дина Макпозқызы
|
|
басшының орынбасары |
|
Казанцев Сергей Владимирович
|
|
коммуналдық меншікті басқару жөніндегі бас маманы |
|
Казанцева Ирина Валерьевна
|
|
ауылдық елді аумақтарды дамыту жөніндегі бас маманы |
|
Лисичкина Наталья Васильевна |
|
жергілікті бюджетті атқару, басқарма аппаратының бас маманы |
|
Покидько Оксана Анатольевна |
|
бюджет және нақты сектор және басқару аппараты саласын болжау жөніндегі бас маманы |
|
Шарёнкова Наталья Николаевна
|
|
бюджет және әлеуметтік саланы болжау жөніндегі бас маманы |
|
Мушарапова Аида Хасановна |
|
Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесінің төрайымы (келісім бойынша) |