Проскурина Ольга Ивановна
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімі" КММ басшысының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 03 маусымдағы бұйрығымен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары ретінде Проскурина Ольга Ивановна тағайындалды.
Проскурина Ольга Ивановна 1990 жылғы 14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Михайловка ауылында туған. 2014 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансап
Еңбек қызметін 2010 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жастар тәжірибесі бойынша іс жүргізушісі ретінде бастады.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің хатшысы болды.
2013 жылдан 2014 жыл аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статистигі болды.
2014 жылдан 2016 жыл аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері болды.
2016 жылдан 2026 жыл аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері болды.
2026 жылғы 3 маусымнан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болды.