Семыкин Дмитрий Сергеевич
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 қарашадағы өкімімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы ретінде Семыкин Дмитрий Сергеевич тағайындалды.
Семыкин Дмитрий Сергеевич 1985 жылғы 5 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. туған. 2004 жылы Петропавл салық қызметі маманы мамандығы бойынша гуманитарлық-техникалық колледжін тәмамдады. 2007 жылы Мемлекеттік басқару бакалавры мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан Заң Академиясын тәмамдады.
Мансап
Еңбек қызметін 2007 жылы Петропавл қаласы бойынша қалалық қаржы бөлімінің бюджетті атқару процессін үйлестіру және талдау және нақты сектордың қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсаттарды беру бөлімі инспекторы ретінде бастады.
2008 жылдан 2010 жыл аралығында Петропавл қаласы бойынша қалалық қаржы бөлімінің бюджетті атқару процессін үйлестіру және талдау және нақты сектордың қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсаттарды беру бөлімінің бас маманы болды.
2012 жылдан 2013 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасының бюджетті атқару процессін үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы болды.
2013 жылдан 2020 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының нақты сектор мекемелерінің қаржыландыру бөлімінің, кірістер бөлімінің басшысы болды.
2020 жылдан 2025 жыл аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болды.
2025 жылдан 2026 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды іске асыру бөлімінің басшысы болды.
2026 жылғы 2 қарашадан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болды.