Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету

Халықты әлеуметтік қорғау мәселесі Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.  Табысы басқа қажеттіліктерді айтпағанда, отбасын асырауға мүмкіндік бермейтін азаматтардың осындай санаттары бар. Бұл төмен жалақыға, жұмыссыздыққа және уақытша еңбекке жарамсыздыққа, ауыр ауруға байланысты болуы мүмкін (белгіленген тізімге сәйкес). Мұндай отбасыларға мемлекет әр түрлі әлеуметтік және материалдық көмек түрлерін көрсетеді, мысалы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және т.б.

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына толығырақ тоқталайық.

Көмек алушылар: өмірлік қиын жағдайда жүрген, жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді органдар белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген шектен аспайтын ҚР азаматтары.

-  Қызметті алу үшін міндетті түрде :

egov.kz порталда авторизациядан өту және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіп, өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою керек. Өтінімде жеке шот нөмірін (IBAN) көрсету қажет.

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Құжаттарды қарау мен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін берудің жалпы мерзімі құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 8 жұмыс күнін құрайды.

Құжаттар келіп түскен кезде учаскелік комиссия екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, тексеру актісі жасалады және әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындалады. Содан кейін қажетті құжаттар уәкілетті органға жіберіледі. Құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді ұсыну - бас тарту үшін негіз болып табылатынын атап өткен жөн.

Құрметті Новодолинский кентінің тұрғындары, әлеуметтік мәселелер мен олардың шұғыл шешімдері әкім аппаратының жұмысында ерекше орын алады. Сұрақтар туындаған жағдайда, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде әкім аппаратына немесе 5-95-14 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, қызметті онлайн алу үшін Сіз кент әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» пайдалана аласыз.

                                 «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы Чобанюк Л.В.

 

Жарияланған күні

18 қараша 2022

Жаңарту күні

18 қараша 2022

Қызмет бағыты