БҚО тұрғыны 172 киік мүйізін шаруашылық сарайында көміп тастаған.

БҚО тұрғыны 172 киік мүйізін шаруашылық сарайында көміп тастаған.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында БҚО ПД және Жаңақала ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері БҚО Жаңақала ауданының 33 жастағы тұрғынынан киік мүйіздерін тәркіледі. 172 дана киіктің мүйіздері ұсталған адамға тиесілі үйдің шаруашылық сарайында көмілген. Жаңақала аудандық ПБ-нің аталған дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі "сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз ұстау"бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Департамент бастығы Махсудхан Аблазимовтың тапсырмасы бойынша адамды заңсыз аң аулауға қатыстылығын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Ағымдағы жылдың басынан бері БҚО полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз аң аулау және сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулаумен байланысты 29 қылмысты анықтады.