БАҚ үшін ақпарат

Ағымдағы жылдың 20 шілдесі кешкі сағат 22:40 шамасында Орал қаласының тұрғыны Зачаганск кенті Құс фабрикасы шағын ауданындағы, бұрынғы әйеліне тиесілі үйді өртеп, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, кінәсін мойындады.Аталған факті бойынша Шаған Пб Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабына сәйкес Орал қаласының Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда және Департамент басшылығының бақылауында.
БҚО ПД Баспасөз қызметі
Қызмет бағыты