Жаншин Жанболат Жаскайратұлы

Жаншин Жанболат Жаскайратұлы

Жаншин Жанболат Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші  орынбасары ретінде тағайындалды.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Жаншин Жанболат Жасқайратұлы  Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші  орынбасары болып тағайындалды.Жанболат Жаншин 1971 жылы 10 қазан күні Орал облысы Чапай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2003 жылы Батыс Қазақстан облысының инженерлік-техникалық университетінің басқару және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді. Ішкі істер органындағы қызметін 1992 жылы Ақжайық ауданы ІІО УҰИ милиционері лауазымынан бастаған. 1992 жылдың қазан айынан 2000 жылдың қазан айына дейін ішкі істер органдарында  БҚО ІІБ қатардағы және орта басшылық құрамның әр түрлі лауазымдарында жұмыс жасайды.  Ал 2000 жылғы қазан айы мен 2016 жылғы ақпан айы аралығында БҚО ІІД ЖПБ жанында орта және жоғары басшылық құрамда түрлі лауазымдарда қызметін жалғастырады.

2016 жылғы ақпан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы болып тағайындалады. 2020 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін БҚО ПД Жергілікті полиция басқармасы қызметінің басшысы ретінде қызмет атқарып келді.Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.

Қызмет бағыты