Сыбайлас жемқорлық мәселесі жеке құрам арасында талқыланды
Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе.
Осыған сәйкес Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Жалғасов Нұрмахан Тоғайбайұлының төрағалығымен «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге бой алдырмау» тақырыбында кезекті жиын өтті. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға тергеуші Мұратов Жасқыран Бауыржанұлы, БҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иманбаев Асхат Орынғалиұлы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты құқық қорғау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Жиынды департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Н.Жалғасов ашып, қызметкерлердің өздеріне жүктелген қиын да жауапкершілігі мол қызметтерін заңдылықққа сәйкес атқару қажеттігін, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды, сонымен қатар, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгешеліктерге тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігін жеткізді. Одан соң Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы А.Орынғалиұлы ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы жай – күйі туралы шолуымен таныстырды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға тергеуші Жасқыран Бауыржанұлы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес, кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен таныстырып және анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бейнеролик көрсетілді.
Кездесу соңында полиция полковнигі Н.Жалғасов кадр саясаты басқармасына жеке құрам арасында тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру жөнінде тапсырма берді.
Асылай Талғатқызы
БҚО ПД баспасөз қызметкері