Облыстың білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегі күні Білім басқармасында облысымыздағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңеске полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ж.Жаншин, білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, цифрлық технологиялар басқармасының қызметкері, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары және облыстық білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.
Кеңесте «Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2021 - 2022 жылдарға арналған жол картасының» орындалуы, туындаған мәлелелерді шешу жолдары талқыланды.