Жалпы ұлттық аза тұту күні

2022 жылғы 2 қаңтардан бастап елімізде бейбіт митингілер өтті, олардың соңы жаппай тәртіпсіздікке, тонауға және вандализмге ұласқан болатын. Республикамыздың кейбір өңірлеріндегі полиция департаменттері мен басқармалары, сондай-ақ әкімдіктердің әкімшілік ғимараттары шабуылға ұшырады.
Бұзақы топтар құқық қорғау органдарының қыметкерлеріне, билік өкілдеріне және азаматтық тұлғаларға қарсылық, агрессия танытып, қарулы шабуылдар жасады.
Өкінішке орай, осы күндері қоғамдық тәртіпті күзету және еліміздің конституциялық құрылымын қорғау кезінде қылмыскерлердің қолынан 16 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметшісі және Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ арнайы органдардың қызметкерлері қаза тауып, 1300-і жарақат алды.
Қаза тапқандар өмірлерінің соңына дейін берген анттарына адал болып, батырлық танытты және Отанына қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетті.
Қаза тапқан қызметкерлердің отбастары мен олардың ағайын-тумаларына және қылмыстық қол сұғушылықтың құрбандары болған бейбіт тұрғындарға қайғырып, көңіл айтамын.
Қаза болған әріпестеріміздің жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа, жандары жәннатта болғай деп Алладан тілей отырып, артында қалған ұрпақтарына саналы ғұмыр берсін дегім келеді.
Көңіл білдіруші –
БҚО Полиция департаментінің бастығы
полиция генерал-майоры М. Аблазимов