Оралда ток соққан 26 жастағы жұмысшы қаза тапты

Оқиға 30 қыркүйек күні сағат 14.00-де Желаев кентіндегі өндірістік аймақта болды. «ГренАгроТренд» ЖШС-ға кіреберістегі тұйық жолда жүк вагондарын пломбалау жұмыстарын жүргізу кезінде 1995 жылғы жұмысшы абайсызда электр сымдарына тиіп кеткен. Соның салдарынан ток соққан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.(еңбекті қорғау ережелерін бұзу)