Жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды

Жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды

      20 қыркүйек 2021 жылы сағат 20:30-да Шолохов-Тюленин көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі және Лада автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
     Жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.