Бөрлі полицейлері марапатталды

Бөрлі аудандық полиция бөлімінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік күніне" арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға жас полиция қызметкерлері және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелері: Байжан Мәулетұлы Қазиевтің ағасы-Амангелді Қазиев, Малик Сағынұлы Рушановтың қызы - Гүлмира Рушанова шақырылды. Іс-шара барысында Бөрлі ауданының ПБ бастығы Д.Утегулов барлық жеке құрам атынан біздің қаза тапқан ерлігі батырларымыз үшін алғыс білдірді! Біз қайтыс болғандардың әрқайсысын есімізде сақтаймыз және құрметпен еске аламыз! Іс-шара соңында құрметті қонақтарға естелік сыйлықтар, сондай-ақ Бөрлі аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлеріне БҚО полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М. Н.Аблазимовтың атынан грамоталар және арнайы атақтар берілді.