БҚО полицейлері ән байқауында 2 орын иеленді

БҚО полицейлері ән байқауында 2 орын иеленді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ұлттық музыка мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тәрбилеу, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыру, Қазақстан полициясының имиджін нығайту мақсатында «Туған жер кеңістігінде: Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндері» аттыреспубликалық онлайн байқау өткізілді. Аумақтық ішкі сайыста жеңімпаз атанған Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  республикалық деңгейде жүлделі 2 орынға иеленді. ІІМ байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне көтермелеу туралы  бұйрыққа қол қойды.