Той азайды

Шыңғырлау ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен өткен аптада тек бір той тіркелген.

Бөлім бастығы Сергей Астафьевтің айтуынша профилактикалық шаралар нәтижесін беріп, аудан тұрғындары карантин уақытында мерекелік іс-шаралар өткізуден бас тартуда.

  • Полиция қызметкерлері мониторнингтік топпен бірлесе карантиндік шараларды бұзудың алдын алу бойынша күнделікті рейд өткізуде. Егер басында 4-5 мерекелік іс-шара тіркелетін болса, бүгінде олардың саны осы аптада 1-ге дейін азайды. Дегенмен сағат 23:00-ден кейін жол қозғалысын шектеу бойынша карантинді бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді полиция подполковнигі Астафьев.

Сондай-ақ полиция бөлімнің бастығы ауданда 3 санитарлық бекеттің жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

  • БҚО бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес бекеттер қойылып, 8 полиция және 2 медициналық қызметкер кезекшілік пен қызмет атқаруда. Бекеттерден тек сәйкес растушы құжаттары бар немесе «стопковид» және «сергек» базаларында тіркелген, сондай-ақ тұрғылықты жеріне ғана өткізіледі. Медициналық қзметкер терометрия жүргізіп, бекеттен өткен азаматтың аты-жөні тіркеледі. Санитарлық пост жұмыс жасағалы тәртіпбұшылықтар тіркелген жоқ, - деді Сергей Астафьев.
Направления деятельности