БҚО тұрғыны патрульдік автокөлігінің мүсінін жасады
БҚО Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғыны Надир Қуанаев қардан патрульдік автокөлігінің мүсінін жасады.
Қардан жасалған автомобиль өте ұқсас болып шықты, тіпті фаралар мен шамдарға дейін бар.
Надирдің айтуынша, ол ешқашан полицияда қызмет етпеген және тек тәртіп сақшыларына құрмет көрсету үшін қызметтік көлік мүсінін жасауға ой туындаған.
– Мен өзім заңға бағынатын азаматпын, полиция қызметкерлеріне үлкен құрметпен қараймын және барлық азаматтарды құрмет көрсетуге шақырамын. Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте күрделі және қауіпті, бұл адамдар біздің қауіпсіздігімізді сақтайды. Мен бұл көлікті олардың қажырлы еңбегі үшін алғысымды білдірмек мақсатында жасадым, – деді Н.Қуанаев.
Айта кету керек, мүсінші Надирдің бойындағы мықты талантына қарамастан, ол өте қарапайым адам және өз жұмысымен мақтанғанды ұнатпайды. Бұл оның алғашқы мүсіні емес, өткен жылы ол Орал ақ мешітінің көшірмесін және жарыс машинасының мүсінін қардан жасап шыққан болатын.