БҚО Уздік тергеушілері
Тергеушілер мәртебесін арттыру мақсатында ҚР ІІМ-нің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан "Үздік тергеуші" номинациясының иегерін анықтау туралы іс-шара шеңберінде ағымдағы жылдың қараша айындағы 14-17 күндері аралығында БҚО ПД Тергеу жəне анықтау басқармалары тергеушілер мен анықтаушылардың қызметіне таңдау ұйымдастырды. Таңдау барысында қызметкерлердің дене жəне атыс даярлықтарынан бөлек олардың қызмет кезінде қолданыстағы заңнамаларды білу деңгейіне, қол жеткізген көрсеткіштеріне жəне тергеу сапасына аса мəн берілді. Іс-шара нәтижесіне сəйкес азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, қылмыстық істердің қосымша тергелуіне жол бермей жоғары деңгейде қылмыстық істерді аяқтағаны үшін үздіктер анықталып, БҚО ПД бастығының грамотасымен марапатталды.
🔸“Үздік тергеуші” номинациясы нәтижесі бойынша:
1 орын - Орал қ. ПБ Абай Пб Тб тергеушісі полиция аға лейтенанты Адаев Темірболат
2 орын - Орал қ.ПБ Тб тергеушісі полиция аға лейтенанты Тайланова Айгерім
3 орын - Орал қ.ПБ Зашаған Пб Тб тергеушісі полиция аға лейтенанты - Смагулова Аяна иеленді.
🔸“Үздік анықтаушы” номинациясы бойынша:
1 орын - Орал қ.ПБ Анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтенанты - Кунусова Адемі
2 орын - Жаңақала АПб Анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция капитан - Тиянақов Мустафа
3 орын - Жәнібек АПб Анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция майоры - Бисаков Медет иеленді.
🔹БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Арынов Талғат Нұрғалиұлы жүлдегерлерді құттықтап, дипломдарын табыс етті.
Үздіктерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жұмыстарына тек қана сәттілік тілейміз!
