«Үздік жедел уәкіл»

Жарияланған күні: 09 қараша 2022
«Үздік жедел уәкіл»

ІІМ-нің «Үздік жедел уәкіл» байқауына қатысу үшін БҚО Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері арасында облыстық іріктеу өтті. Онда полиция қызметкерлерінің қолданыстағы заңдарды және құқықтық- нормативтік актілерді білуі, жұмыс барысындағы көрсеткіштері, арнайы атыс және дене шынықтыру дайындығының нәтижелері сараланды.
Оның нәтижесі бойынша:
1 орын – Бөрлі АПб КПб жедел уәкілі полиция капитаны Иргалиев Миргали Болатұлы
2 орын – Орал қ.ПБ Абай Пб КПб аға жедел уәкілі полиция капитаны Боранғали Бауыржан Әмірұлы
3 орын – Казталов АПб КПб жедел уәкілі полиция капитаны Захаров Исатай Сағындықұлы иеленді.

БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахыт Ашкаров құттықтап, дипломдарын табыс етті.

Марапат иелерін жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жұмыстарына сәттілік тілейміз!