"Жан инспекторлар" қалалық слеті қортындыланды
24.09.2021 жылы «Жол қозғалысы» жас инспекторларының қалалық слеті қортындыланды. Марапаттау рәсіміне Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, Білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, "Алмазный путь" қоғамдық бірлестігінің басшысы Гүлнар Биссенова қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты-құқықтық сауаттылықты арттыру, балалардың жол-көлік апаттарынан зардап шегуге жол бермеу, оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру. Кездесуге қала мектептерінің 7-8 сынып оқушыларынан тұратын 42 команда қатысты.
Нәтижесінде № 44 мектеп-гимназиясының "Бағдаршам" командасы бірінші орынға ие болды
II орынды №12 мектептің "Арлан" командасы және №30 мектептің "Сұңқар" командасы алды. Үшінші орынды №40 мектептің "Жол-дос" командасы, №1 мектептің "Жол сақшысы" командасы және №3 мектептің командасы алды.
"Үздік саптық дайындық" номинациясы бойынша №47, №43, №26 мектептердің командалары марапатталды
Үздік велосипедші атағына №12 мектептің оқушысы Алена Палавнюк, №19 мектептің оқушысы Мақсат Табенов және №21 мектептің оқушысы Райд Абдулов ұсынылды.
№49 мектеп оқушысы Ердәулет Төлегенұлы, №37 мектеп оқушысы Әділ Сағынғали, № 28 мектеп-лицейінің оқушысы Анастасия Солодовникова "Жол қозғалысы ережелерінің үздік білгірлері" деп танылды