Құрметті еңбек демалысына шықты

Жарияланған күні: 21 қыркүйек 2021

     БҚО ПД Теректі аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция полковнигі Убишев Амангелді Рашидович құрметті еңбек демалысына шықты.
   БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Н.Б.Рамазанов жеке құрамның қатысуымен өткен салтанатты жиында Амангелді Рашидұлын құттықтап, адал қызметі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Департамент бастығының атынан алғыс хат табыс етті.
   Амангелді Рашидұлының ІІО саласында қызмет еткеніне 30 жыл болды. Алғашқы еңбек жолы 1991 жылы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор лауазымынан бастаған.